- Advertisement -

Сапалы өнім сөреде ұзақ тұрмайды

138

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Үстіміздегі жылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор» деп ерекше атап өтті. Кең-байтақ қазақ жерінде ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге мүмкіндік мол. Кейінгі кезде шетелдіктер елімізде өндірілетін азық-түлікке үлкен қызығушылық танытуда. Себебі, бізде экологиялық жағынан таза тағамдар өндіріледі. Елбасы сондай-ақ биылғы Жолдауда саланың экспорттық әлеуетін арттыруға тапсырма берді. Бұл бағытта елімізде, оның ішінде біздің ауданымызда ауыз толтырып айтарлықтай игілікті істер қолға алынып, жүзеге асырылуда.

Аудан орталығы – Б.Момышұлы ауылында сүт өңдейтін үш зауыт бар. Елді мекендердегі мал өсірушілер өткізген сүт осы өндіріс орындарында өңделеді. Қазір осы зауыттарда өндірілген түрлі сүт өнімдері республиканың түкпір-түкпірлеріне жөнелтілуде. «СМТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тәулігіне 10 тонна сүт өңдей алады. Жазда – маусым, шілде айларында біз күнделікті 9 тоннаға дейін сүт қабылдап, одан түрлі тағамдар шығарамыз. Қазір зауытқа күнделікті 6 тонна шикізат жеткізілуде. Бізге сүттерін Дихан, Қайрат, Шақпақата, Қарасаз және Жұрымбай елді мекендерінің тұрғындары өткізеді. Жеке тұрғындарға ақшаларын уақтылы төлейміз. Келешекте жиналатын шикізат көлемін ұлғайта түсуді көздеп отырмыз.

Сапалы өнім сөреде ұзақ тұрмайды. Мұны менің әріптестерім жақсы біледі. Сондықтан да, ең әуелі өндірілер өнімнің сапасына ерекше көңіл бөлеміз. Осында сары ірімшіктің төрт түрі шығарылады. Ақ ірімшік, ысталған сулугуни, чечил, қаймақ және сары май Тараз, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Астана қалаларына жөнелтіледі. «ИСО-9001» сапа менеджменті жүйесін осыдан 10 жыл бұрын енгізгенбіз. Цехқа жеткізілген сүт әуелі осындағы зертханада мұқият тексеруден өткізіледі. Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Қазір өндірісте тұрақты 12 адам жұмыс істейді. Оларға жалақы еңбек өнімділігіне қарай төленеді. Мамандарымыздың барлығының мол тәжірибесі бар.
Күз айларында қабылданатын сүт мөлшері азаяды. Қыста күнделікті ол 3 тоннаға дейін төмендейді. Алайда, біз жұмыс орындарын қысқартпаймыз. Жазда қосымша уақытша 6-7 адамға жұмыс орны ашылады. Әркім де арманмен, ертеңгі күнге деген үмітпен өмір сүреді. Біздің де келешекте цехтың әлеуетін екі есеге ұлғайтқымыз келеді. Жеке сауын табынын ұстап, сүт өндіруді де молайтуды көздеп отырмыз. Бұл мақсатымызға көп ұзамай қол жеткізетінімізге нық сенімдіміз.

Зинаида Оздамирова,
«СМТС» ЖШС-ның цех меңгерушісі.

Жуалы ауданы.

Суреттерді түсірген
Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support