Ел жаңалықтары

Түйме жұтқан бойжеткен тіріліп кетті

Түйме жұтқан бойжеткен тіріліп кетті

Ұлыбританияда адам сенгісіз оқиға болды. Жалғыз қызын жерлеп қайғыдан қан жылап отырған ана бір күннен кейін есіктің қағылғанын естіп сонда беттейді. Есікті ашқан ана өз көзіне өзі сенбеді. Қарсы алдында кеше ғана жерленген 26-жасар қызы Эрика тұр еді... Сөйтсек оқиға былай болыпты. Эрика әдеті бойынша бір түймені аузына салып кезекті көйлектерінің бірін пішіп-тігіп, әндетіп отыр еді. Кенет анасының қойған сауалына жауап беремін деп терең дем алған сәтте, аузындағы түймені жұтып қойып, қатты қақалып-шашалып жөтеле бастайды. Жақындары әп-cәтте не болғанын түсінбей, әбігерге түсті де қалды. Бір кезде Эриканың жүрегі соғуын тоқтатты. Шашылып жатқан түймелер мен тігу құралдарын көргенде барып барлығы түсінікті болды. Қыздың кеңірдегіне қадалып қалған түйме тыныс алу жолдарын бітеп тастаған екен. Бойжеткеннің бірден көгере бастаған денесін ауруханаға алып келгенде, дәрігерлер оның тұншығып қайтыс болғандығын белгіледі. Мезгілсіз қаза отбасын есеңгіретіп жіберді, дегенмен жерлеу қамына кірісе бастайды. Эрикаға әсем көйлектерінің бірін кигізіп, қолына оның ең жақсы көретін алтын жүзігін салып, барынша жасандырып жерлейді. Жерлеген күннің ертеңіне марқұмды еске алып, барлығы бата қайырып отырған еді. Осы кезде көп күттірмей есік қағылып, өзінің құдайы тамағына «өлген» қыздың өзі кіріп келеді. Бұл «тосын сый» анасы мен қонақтарды о дүниеге аттандыра жаздайды. Аяғын зорға басып тұрған бойжеткеннің үсті-басы лас, әлсіз. Оған аздаған тамақ ішкізген жақындары қызды демалдыруды жөн көрді. Келесі күні есін жиып, ұйқыдан тұрған Эрика адам сенгісіз оқиғасын айтып берді... Ол жұтқан түйме тыныс жолын толық жауып қалмаған екен. Кішкентай саңылау арқылы кірген ауа мидың тірі қалуына мүмкіндік берген. Бірақ жүрек соғысы өте баяулап, денесін игеру мүмкін болмай қалған. Барлығын толық естіп-біліп жатқанымен, ештеңе істей алмаған. Оны жерлеген соң, құнды затты алу үшін ұрылар моланы қаза бастайды. Қыздың қолындағы жүзікті алған соң, оған қанағаттанбай көйлекті де олжа көреді. Оны шешу үшін жанталасып, бойжеткенді шалт қимылмен етпетімен жатқызады. Сол кезде кеңірдегінде тұрып қалған түйме сыртқа ытырылып шығады. Эрика еркін тыныс алады. Мұны көріп екі ұрының жүрегі сол жерде жарылып өледі. Ал қашып кеткен екеуі кейін сот арқылы тиісті жазасын алады. Шынар Сағиева.