- Advertisement -

Қытай ең ірі қалқымалы күн электр стансасын іске қосты

109

- Advertisement -

«Sungrow» фирмасы шығыс Қытайда күн панельдерінен тұратын, әлемдегі ең ірі қалқымалы экологиялық электр стансасын іске қосты. Қытай компаниясы мамандарының мәлімдеуінше бұл электр стансасы Аньхой провинциясына қарасты Хуайнань қаласының энергетикалық жүйесіне сәтті қосылған. Ол Пекиннен оңтүстікке қарай 800 шақырым аралықта орналасқан.
Бұл күн электр стансасы теңіздік деп аталатынына қарамастан, ол бұрын көмір шахталары жұмыс істеген су басқан жазықта орналасқан. Жергілікті билік осы стансаны орнатуға рұқсат берді, себебі су құрамында көп мөлшерде зиянды химиялық заттар болғандықтан ауыл шаруашылығы үшін жарамсыз. Мәлімдемеде қолданысқа берілген күн электр стансасы 40 мегаватт энергия өндіретіні айтылған немесе бір жылда 15 мың үйді қуат көзімен қамтуға қауқарлы.
Қалқымалы күн электр стансасы су бетінде 86 гектар жерді алып жатыр және 1200 күн панелінен құрастырылған. Пайдалану мерзімі 25 жылға есептелген стансаның материалы табиғаттың кез келген мінезіне төтеп беруге кепілдендірілген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support