- Advertisement -

Жамбылдық жампоз – күміс жүлдегер

98

- Advertisement -

жас балуан Нұрзат Сәлімбаев кадеттер арасында
дзюдодан әлемнің вице-чемпионы атанды

Чилидің Сантьяго қаласында кадеттер арасында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Нұрзат Сәлімбаев (60 кг) күміс жүлдеге ие болды. Финалда ресейлік Казбек Нагушевке есе жіберген Нұрзат аталмыш жарыста ел қоржынына алғашқы медальді салды.
Нұрзат Сәлімбаев алғашқы белдесуінде чилилік Алижандро Ретималды оңай жеңсе, екінші айналымда Тәжікстан елінің спортшысы Курбонали Базаровтан айласын асырып, ширек финалға жолдама алған-ды. Ал ширек финалда Аргентинаның үкілеген үміті Томас Коузо Аспитианы иппонмен жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын. Жартылай финалда моңғол дзюдошысы Нармандах Баянмухты иппонмен жеңіп, финалға көтерілген еді.
Естеріңізге сала кетсек, Чилиде кадеттер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жылдың ең маңызды додасына 64 елден 428 дзюдошы қатысып, бақтарын сынауда. Әлем чемпионаты ағымдағы жылдың 13 тамызына дейін жалғасады.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support