- Advertisement -

Құралайды көзге атқан мергендер

90

- Advertisement -

жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық
турнирінде мықтыны анықтады

Астанадағы «Қазанат» атшабарында жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирі мәреге жетті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық турнир үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар шапшаң ату, қалқан ату және жамбы ату бойынша сынға түсіп, мықтыны анықтады.
Қырағылық пен мергендікті, шапшаңдық пен мұқияттықты сынайтын бұл спорт түрінде әрбір спортшы атпен шауып келе жатып, құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуы тиіс. Ереже бойынша сөреде өз сәйгүліктерінің жанында тұрған спортшылар төреші белгі бере салысымен жүйріктерін тез ерттеп, шауып барып, жолындағы нысаналарды атып құлатуы керек. Жарысқа қатысқан 10-нан астам елден келген сұрмергендер осындай сыннан өтіп, өз шеберліктерін танытуға тырысты. Еліміздің намысын қорғаған бес спортшымыз да бұл спорт қанға сіңген қасиетімізден дарығанын байқатып бақты.
Алайда, тартысты өткен турнирде румыниялық мергенге шақ келер ешкім болмады. 1-орынды жеңіп алған Румыниядан келген Михай Кузми 2 миллион теңгенің жүлдесін қанжығасына байлады. Ал қазақстандық спортшы Сарыбай Айтбек 2-орын биігінен көрініп, 1 миллион теңгеге ие болды. 3-орын және 700 мың теңгені тағы бір отандасымыз Айкөз Ералған иеленді. Сондай-ақ төртінші орын мен 400 мың теңге қаржылай сыйлық Мажарстаннан келген Немоти Кристоф Арпадқа бұйырса, үздік бестікті Малайзия спортшысы Мұхамед Акмал бин Мохамед Дакалан түйіндеп, 200 мың теңгені иеленді.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support