Саясат

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы аяқталды

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы аяқталды

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы Меркі, Қордай аудандарында сенбі күні өтті. Меркі аудандық мәслихатының 15 депутаты сайлауға түгел қатысты. Аудандағы 14 ауылдық округтің 7-еуінде әкім сайланды. Атап айтқанда, Ақермен ауылдық округінде Алпысбай Сатыбалдиевтің, Ақтоған ауылдық округінде Олжабек Қосубаевтың өкілеттіктері тағы төрт жылға ұзарса, Меркі ауылдық округіне аудан әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарған Ербол Әкек сайланды. Ал осы кезге дейін Сұрат ауылдық округі әкімінің орынбасары болып істеген Ғазиз Байарыстанов енді аталған ауылды басқаратын болды. Ақарал ауылдық округіне – Оразбай Жантайбеков, Андас батыр ауылдық округіне – Бейбітбек Мәжиев, Жаңатоған ауылдық округіне Бейбіт Танекеев басшылық жасамақшы. Қордай ауданындағы 19 ауылдық округтің 12-сінде сайлау өткізілді. Нәтижесінде Қордай ауылдық округінің тізгіні Бақыт Сахатовқа тисе, Қарасу ауылдық округіне Бектұр Кампитов, Масаншы ауылдық округіне Ибрачиме Югуров жаңадан сайланды. Сондай-ақ, Қасық ауылдық округінде – Айтжан Әбдібаев, Степной ауылдық округінде – Жүсіпбек Ыспанов, Жамбыл ауылдық округінде – Дархан Темір, Бетқайнар ауылдық округінде – Елужан Мақұлбаев, Қақпатас ауылдық округінде – Серікбай Естаев, Ноғайбай ауылдық округінде – Ермұхан Жапарбеков, Алға ауылдық округінде – Нүркен Жаманкөзов, Сұлутөр ауылдық округінде – Еркебай Мырзақұлов, Ауқатты ауылдық округінде – Данияр Қарымсақов бұрынғы қызметтерін жалғастыра беретін болады. Мойынқұм ауданында да мәслихат депутаттары 16 округтің алтауының әкімін сайлады. Кеңес ауылдық округінде – Әділет Мұқашевтың, Бірлік ауылдық округінде – Талғат Мұсақұловтың, Ақбақай ауылдық округінде – Әбдіғали Әбдіразақовтың, Ұланбел ауылдық округінде – Қанат Белгішевтің, Мойынқұм ауылдық округінде – Темірбек Көпбаевтың, Мыңарал ауылдық округінде – Зубаржат Камиеваның өкілеттіктері тағы төрт жылға ұзартылды. Шу ауданындағы 18 ауылдық округтің 12-сінің және Шу қаласының әкімі сайланды. Сайлауға аудандық мәслихаттағы 16 депутат түгел қатысып, дауыс берді. Жаңақоғам ауылдық округіне – Найла Қондыбаева, Өндіріс ауылдық округіне – Мейрамбек Әшімбаев, Бірлік ауылдық округіне – Нұрбек Қарауылов жаңадан әкім болып сайланса, Балуан Шолақ ауылдық округін – Найман Сұлтанбаев, Жаңа жол ауылдық округін – Жандархан Рысмендиев, Ескі Шу ауылдық округін – Жапарқұл Тәжиев басқаратын болды. Сондай-ақ Шу қаласын – Бақытжан Тұрғынбаев, Төле би ауылын – Ербол Дәберов, Дулат ауылдық округін – Марат Әлімқұлов, Ақсу ауылдық округін – Талғат Итекеев, Қорағаты ауылдық округін – Алмасбек Сәулебаев, Көкқайнар ауылдық округін – Нұрым Шимашев, Ақтөбе ауылдық округін – Ержан Оңалбеков тағы төрт жыл басқаруға мүмкіндік алды. Осылайша, өңірімізде аудандық мәндегі қаланың және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде өтті.

Есет досалы, «Ақ жол».