Экономика

Құланда көңіл толтыратын тірлік көп

Құланда көңіл толтыратын тірлік көп

Облыс журналистерінің кезекті баспасөз-туры Т.Рысқұлов ауданында өтті. Облыстық мерзімдік басылымдар мен телеарналар өкілдерінің бір тобы ең алдымен Өрнек ауылындағы «Нұрдәулет» шаруа қожалығының тамшылатып суарылатын 40 гектар қант қызылшасы алқабында болды.   Шаруа қожалығының басшысы Ыбырай Даянов иеліктерінде 4180 гектар жер бар екенін, биыл 1000 гектарға жуық алқапқа арпа, бидай егіп, оны комбайндарымен төкпей-шашпай жинап алған. Биыл бірінші рет 40 гектарға қант қызылшасын егіп, Қытайдан тамшылатып суаратын құрылғылар әкеліп, орнатып, жаңа іспен айналысып жатқандарын баяндады.

Серік Құралбай, «Ақ жол».