- Advertisement -

38 мыңға жуық білім гранты бөлінді

136

- Advertisement -

Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады. Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары енгізілген.
Конкурстық комиссия отырысында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша дайындық жұмысының қорытындысы шығарылады. Жыл бойы министрлік студенттер контингентін іріктеу сапасын арттыру және қалыптастыру бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Биыл жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37932 грантқа дейін жеткізілді. Оның ішінде 35082 грант 1-курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша – 300 грант), 2850 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.
Аталған басымдықтарды ескере отырып, техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға 13670 грант, педагогикалық мамандықтарға 8235 грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға 2682 грант, медициналық мамандықтарға 3150 грант және т.б. қарастырылған.
Білім грантын тағайындау конкурсына 63169 адам қатысуда, оның ішінде 49858 адам – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. Сонымен қатар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы аясында 9148 адам квота бойынша оқуға конкурсқа қатысуда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support