Экономика

Қазақстандық мұнайгаз компаниялары Мәскеуде өтетін 21-ші Дүниежүзілік мұнай конгресіне қатысады

Қазақстандық мұнайгаз компаниялары Мәскеуде өтетін 21-ші Дүниежүзілік мұнай конгресіне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Мұнай және газ министрлігінің басшылығымен, KAZENERGY қауымдастығына мүше мұнай-газ компаниялары ұсынған Бүкіләлемдік Мұнай Кеңесі жанындағы Қазақ ұлттық комитеті (ДМК ҚҰК) Мәскеу қаласында болатын 21-ші мұнай конгресіне қатысады.

Алқалы жиын маусымның 15-19-ы аралығында өтеді, деп хабарлайды Kazenergy қауымдастығының баспасөз қызметі.

Конгреске  әлемдегі 80 елден 5 мыңға таяу делегат қатыспақ. Еске сала кетсек, үш жыл сайын Бүкіләлемдік Мұнай Кеңесінің (ДМК) бастамасымен өткізіліп тұратын мұнайшылар Конгресі ұлттық және халықаралық компаниялардың,  дипломаттық өкілдіктердің, ірі салалық ұйымдардың және түрлі зерттеу және талдау орталықтары басшыларының басын біріктіретін алқалы жиын. Атап айтқанда, маусымның 16-сы мен 19-ы аралығында «КРОКУС ЭКСПО» Көрме орталығының ерекше аймағында қазақстандық делегация  жалпы ауқымы 180 шаршы метр жерге өзінің  Ұлттық көрме стендін қояды. Ол 3 блокқа бөлінген және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, мұнай-газ саласының ірі жобаларын дамыту, сонымен бірге Астана қаласында 2017 жылы ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу мәселелеріне арналады.

Қазақстанның мұнайгаз саласы индустриясын «ҚазМұнайгазә ҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, ЭксонМобил, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Би Ви, «ПетроҚазақстан» компаниялар тобы, NCOC (North Caspian Operating Company B.V.), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ  «Астана-Экспо 2017» ҰК», «Международный проект «Еуразия» Халықаралық жобасы және тағы басқа да компаниялар ұсынады, делінген хабарламада.

Ақпарат көі: kazinform