- Advertisement -

Шабандоздарымыз Елорда атшабарында көкпарға шығады

110

- Advertisement -

елімізде өтетін 1-ші әлем чемпионатына 12 команда қатысады

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Астанадағы «Қазанат» атшабарында тамыз айының 20-28 күндері аралығында өтетін көкпардан І әлем чемпионатында ойнайтын командалар өз қарсыластарын анықтады. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем чемпионатын өткізу шарты бойынша 12 команда өкілдері бір ай бұрын Астанаға арнайы келіп, жеребе тарту рәсіміне қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Түркия, АҚШ, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Әзербайжан, Венгрия, Ауғанстан көкпар командалары бар. Тиісінше олар «А» және «Б» топтарына топтастырылып, кездесу күндері де белгіленді. Екінші топқа түскен еліміздің құрамасы бес күн ішінде өз тобындағы Ауғанстан, Әзербайжан, Ресей, Венгрия, Қытай шабандоздарымен күш сынасып, кім мықтыны анықтайды. Жеңіске жеткен құрамалар ширек, ақтық ойындарға іріктеліп, жеңімпазды анықтайды.
Көкпар десе қаны тулап қоя беретін, ат жалында өскен бабалардың ұрпағы екеніміз баршаға аян. Ендеше, алдағы әлемдік додада да ұлттық құраманың бабы мен бағы қатар жанады деп үміттенеміз. Ұлттық ат спортымызды осылайша әлемге танытатын боламыз. Айта кету керек, жанкүйерлер тиісінше әр күн сайын алты кездесуден, тартысты ойындарды тамашалайтын болады.

 Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support