- Advertisement -

Жер телімін «саудалаған» сазанбай

99

- Advertisement -

Қордай ауданындағы жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Сазанбай жер телімін «саудалаймын» деп басы дауға қалды. Нақтырақ айтсақ, ол азамат Г-дан жер теліміне және оның дүкендік кесіндісіне мемлекет тарапынан жеке меншіктік құқық беретін құрылыстың жобасына қол қою үшін заңсыз 300 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстағы департаменті қылмыстық іс қозғаған болатын.
Тергеу әрекеттері нәтижесінде басқарма басшысы пара алу кезінде ұсталды. Б. Сазанбай Қылмыстық Кодекстің 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленді. Оған қоса Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметпен өмір бойына айналысу құқығынан айырылды. Сыбайлас жемқорлықтың жазасы осы, енді сұраған парасына қарай 18 миллион айыппұл төлейтін болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support