- Advertisement -

Астанада көкөністерін арық суымен жуған әйел видеоға түсіп қалды

128

- Advertisement -

Астанада көкөністерін арық суымен жуған әйел видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео «Астана — Что? Где? Когда?» тобында жарияланды. Қолданушы бұл оқиғаның солтүстік жағалауда болғанын айтып отыр. «Құрбым ws-ға жолдады, Сауран көшесі. Есіл ХҚКО жәрмеңкесі. Арық суымен көкөнісін жуып жатыр», — деп жазды видео сипаттамасына Алена Ли Гельфан. © Facebook.com/Алена Ли Гельфанд Фото куәгерлерден Айта кетейік, Сауран-Сығанақ көшелерінің қиылысында апат болып, осы маңда орналасқан үйлердің тұрғындары сусыз қалған еді. Ал кейін Астана қаласы әкімдігінің өкілдері бұл мәселемен айналысқанын жария етті. Видеодағы сатушы жәрмеңкедегі орнынан айырылып, енді оған айыппұл салу мәселесі қарастырылып жатыр екен. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева хабарлады. «Қызметкерлеріміз видеоға дереу назар аударды. Жәрмеңкелер өтіп жатқан жерде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері кезекшілікте. Шын мәнінде жәрмеңке Сауран көшесінде өтіп жатыр. Бұл өңірлік емес, үздіксіз өтіп жатады. Көкөніс тәркіленді. Әйел жәрмеңкедегі орнын босатты. Онымен алдын алу әңгімесі өткізіліп, айыппұл төлетеді», — деді Жүргенбаева.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support