Жамбылда не жаңалық?

Тараз

Тараз

ТИГУ жеті қабатты ғимараттар салатын болды

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті алдағы күзде 10 мамандық бойынша халықаралық аккредитациядан өтуді межелеп отыр. Университеттің Астана, Көкшетау, Жезқазған, Қызылорда облыстарында өкілдіктері ашылған. Енді студенттер контингентінің артуына байланысты алдағы оқу жылына университеттің бас ғимаратының жанынан жеті қабатты екі ғимарат тұрғызуды жоспарлап отыр.