Корея республикасының бұрынғы президентімен кездесті

99

Мемлекет басшысы Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бакпен кездесті.
Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының бұрынғы президенті Қазақстанға келіп отырғанына қуанышты екенін айтып, оған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Корея Республикасы павильонының ашылу рәсіміне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
– Сіз Корея Республикасының президенті болған кезде елдеріміздің ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді. Сол нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс атқарылды, – деді Қазақстан Президенті.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың мәселелерін қарастырып, оның аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Comments are closed.