Жаһан

Корея республикасының бұрынғы президентімен кездесті

Корея республикасының бұрынғы президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бакпен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының бұрынғы президенті Қазақстанға келіп отырғанына қуанышты екенін айтып, оған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Корея Республикасы павильонының ашылу рәсіміне қатысқаны үшін ризашылық білдірді. – Сіз Корея Республикасының президенті болған кезде елдеріміздің ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді. Сол нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс атқарылды, – деді Қазақстан Президенті. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың мәселелерін қарастырып, оның аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.