- Advertisement -

Қанат қыркүйекте жекпе-жекке шығады

80

- Advertisement -

Кәсіпқой рингте «Қазақ» лақап атымен әйгілі болған қазақстандық боксшы Қанат Исламның 9 қыркүйек күні Астанада өтетін шайқасында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.
Бірінші орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық боксшы WBO NABA және WBA құрлықаралық белбеуінің иегері екені белгілі. 24 кездесуінің бәрінде жеңіске жеткен Қанаттың қарсыласы канадалық Брэндон Кук та 18 кездесу өткізіп, қарсыластарынан басым түскен. Кәсіби мансабында жеңілістің ащы дәмін татпаған қос саңлақтың шайқасы жоғары деңгейде өтеді деп топшылауға негіз бар. Қазақтың Қанаты бұған дейін мексикалық Норберто Гонсалесті ұтқаны мәлім. Гонсалес boxrec рейтингінде Қанаттан жоғары тұрған. Қазір қазақстандық боксшы 23-орынға орналасқан болса, Хук бірінші орта салмақта 18-орында тұр. Осыдан-ақ Қанат Исламның «ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген Абайдың өлең жолдарын өзінің ұранына айналдырғанын білуге болады. «Қазақ» осы кездесуінде жеңіске жетсе, рейтингте тағы бірнеше саты жоғарылайды. Бұл дегеніміз әлем чемпионы белбеуі үшін таласатын сәт уақыт өткен сайын жақындап келе жатқанын айғақтаса керек.
Иә, Брэндон Хук жұлдызды боксшылармен қолғап түйістірмеген. Десе де, қарсыластарын 11 мәрте мерзімінен бұрын жеңген канадалық сайыпқыран осалдардың қатарынан емес. Ендеше, Қанат Исламды оңай қарсылас күтіп тұрған жоқ. Әйткенмен, біз отандасымыздың жеңіске жететініне сенеміз. Өйткені, Қанат Ислам үшін өзінің шын мәнінде мықты боксшы екенін дәлелдейтін кез келіп жетті.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support