Тараз
Тараз
КМF жаңа кеңсесі ашылды КМF микроқаржы ұйымының жаңа кеңсесі ашылды. Кеңсенің аумағы 1300 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта клиенттер үшін үлкен операциялық зал, электронды кезек жүйесі, үш төлем терминалы бар. Мұнда мүмкіндігі шектеулі клиенттерге қызмет көрсету бөлмесі ашылған. Облыс орталығындағы КМF филиалы облыстың 9 ауданында тұратын несиелік қоржыны 9 миллиард теңгені құрайтын 26700-ден аса клиентке қызмет көрсетеді.