- Advertisement -

Ата-анасы бақыламаса, баласы адасады

81

- Advertisement -

Қай заманда болсын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ер жетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», – деген сөзі мемлекетпен ұлт болашағы – жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында Тараз қаласы тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың басты мақсаты – жастар арасындағы діни ахуалды анықтау болатын. Оған 66,0% ер азаматтар мен 34,0% әйел азаматтар қатысты.
Сауалнамаға қатысқан тұрғындардан «қаладағы діни жағдайды қалай бағалайсыз?» деп сұрағанымызда респонденттердің 63,0%-ы жайлы десе, 10,0%-ы өте жайлы деп жауап берген. 19,0%-ы жайсыз, 8,0%-ы өте жайсыз деген пікірде.
«Сіздің қалада өзге діннің жетегінде кеткен жастар бар ма?» деп сұрағанымызда жастардың 47,0%-ы яғни, анкетаға жауап берген респонденттердің жартысы «бар», бірақ аз деп жауап берген. 33,0%-ы болса «иә, бар» деген. 14,0%-ы ол жайлы «естіген жоқпын» (хабарым жоқ) десе, 6,0%-ы «білмеймін» деп үн қатқан.
Сауалнамаға қатысқан жауап берушілердің пікірінше бүгінгі күнгі жастарға ата-анасының қолдауы (28,0%), жұмыс, кәсіппен айналысу (26,0%), қаржылай көмек (20,0%), бос уақытын тиімді пайдалану (14,0%), рухани қолдау (12,0%) қажет екендігі анықталды. Жастардың елімізде болып жатқан діни хал-ахуалға байланысты ақпараттарды 32,0%-ы интернеттен (Фейсбук, ВК, Инстаграмм, т.б.), 26,0%-ы діни кітаптардан, әдебиеттерден, 21,0%-ы теледидардан алатындығы анықталды, 12,0%-ы арнайы газет-журналдардан алса, 7,0%-ы діни жамағаттан біледі екен. 1,0%-ы ақпараттық насихат тобы мүшелерінен еститіні белгілі болды, ал таксистерден, басқа да танитын азаматтардан ақпарат аламын деп 1,0%-ы жауап берген.
«Қаладағы (ауылдағы, елді мекендегі) діни жағдайды қалай бағалайсыз?» деген сұраққа респонденттердің 59,0%-ы «жайлы», 2,0%-ы «өте жайлы», 9,0%-ы «өте жайсыз», 20,0%-ы «жайсыз» және 10,0%-ы «бағалай алмаймын» деп өз ойларын білдірген.
Қорытындылай келе, сауалнаманың нәтижесінде мынадай ұсыныстар жасауға болады:
Сауалнамаға қатысқан қала тұрғындарының 27%-ы (респонденттің әрбір үшіншісі) қаладағы діни жағдайды жайсыз және өте жайсыз деген. Осыған байланысты жастар арасында жүргізіліп жатқан діни сауаттылықты арттыру және ақпараттық-насихат тобының жұмысын жандандыру қажет.
Респонденттердің 80,0%-ы «қалада өзге діннің жетегіне кеткен жастар бар» (бар, бірақ аз) деген жауап нұсқасын таңдағанына қарағанда, жастардың мазасыздануына себеп болуы әбден мүмкін. Қосымша сұрақтан белгілі болғандай жастардың дәстүрлі емес діни ағымның жетегінде кетуінің басты себебі – ата-анасының балаларының тәрбиесімен айналыспауы, діни сауаттың төмендігі және жұмыссыздық мәселелері екені анықталды. Бұл жерде өзге дін дегеніміз қай дін деген сұрақ тууы мүмкін. Бірақ, дәстүрлі емес діни ағымдар екені белгілі. Сондықтан жастар арасында осы мәселеге байланысты әңгімелесу, пікір-талас және сұхбаттасу іс-шараларын ұдайы ұйымдастыру қажет.

Бақыт Әлмұратов,
әлеуметтік білімдер магистрі.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support