- Advertisement -

Зарина Диас 16 саты жоғарылады

104

- Advertisement -

Төрт үлкен дулығалы жарыстардың біріне саналатын «Уимблдон» додасының үшінші кезеңіне дейін сүрінбей жеткен қазақстандық теннисші қыз Зарина Диас WTA рейтингінде 16 саты жоғарылады. Бұған дейін 130-орында тұрған Зарина енді 114-орынға орнықты. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева үшін бұл дода сәтсіз аяқталды. Ол бірінші айналымнан аса алмай қалды. Нәтижесінде ол төрт саты төмендеп, 44-орынға сырғыды.
Зарина Диас WTA рейтингіндегі ең үздік нәтижесін 2015 жылы көрсеткен болатын. Қазақстандық теннисші қыз сол жылы жасындай жарқырап, 31-орынға дейін көтерілгені есте. Одан кейін біршама уақыт құлдырау кезеңін басынан өткізген Зарина қыз төмен құлдилай берді. Қазақ қызы биыл қайта бабына келе бастаған сыңайлы. Алған бетінен таймаса, алдағы уақытта тағы да биіктерге өрлейтіні талас тудырмайды.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support