Ыждаһатты жұмыс ырысқа кенелтеді
Ыждаһатты жұмыс ырысқа кенелтеді
Бекболат ОРЫНБЕКОВ, облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 20,5 миллиард теңгеге 10 жоба жүзеге асырылып, 446 жаңа жұмыс орындары құрылды. Агроөнеркәсіптік өңдеу саласында жоғары технологиялық «Халал» ет өнімі өндірісі, шырын тазарту цехы, мал азығы өндірісі, қызылмия тамырларын өңдейтін зауыт пайдалануға берілді. Сондай-ақ, химия өнеркәсібіндегі «Қазфосфат» ЖШС-ның кәсіпорнында 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы да өңір дамуына оң серпін берді. Түйіршіктелген фосфор-калий тыңайтқышын өндіру, құрылыс индустриясында құрылыс материалдарын өндіретін зауыт, дәнекерлеу электродтарын шығару, гипс және гипстен жасалатын картон өндіру өндірістерінің іске қосылуы да облыстың оң көрсеткішке ие екенін көрсетеді. Облыста «ЕуроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС-мен Каратау қаласында кешенді минералды тыңайтқыш өндіретін ірі жоба іске асырылуда. Бүгінгі күні Жаңатас қаласында кен байыту комбинаты іске қосылып, онда 270-тен астам жұмыс орындары құрылды. Нәтижесінде өткен жылы кәсіпорын 2,2 миллиард теңгеге 368,2 мың тонна ұсақталған фосфор шикізатын өндірді. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында ірі компаниялар жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 8,1 пайызға артты. Салада негізгі өнім түрлерінің өндірісі жыл сайын өсуде. Өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемінің ұлғаюына ылғал және су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі белсенді жұмыстар ықпал етуде. 2016 жылы су үнемдеу технологиялары енгізілген алаң көлемі 12 мың гектарға жеткізіліп, 47 пайызға артты. Ылғал ресурстарын сақтау технологиялармен 26,3 мың гектар қамтылған. Аталмыш технологиялар ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда тиімділігін көрсетіп отыр. Мысалы, Қордай ауданындағы «Нөсер және Самғау» шаруа қожалығы аталған технологияны қолдану нәтижесінде әрбір гектардан 1000 центнерге дейін қант қызылшасын жинады, бұл ретте облыс бойынша қант қызылшасының орташа түсімі 216,3 центнерді құрап отыр. Жамбыл өңірі еліміздегі жасыл аймақ саналатындықтан, осы бағытта бірқатар жобалар қолға алынды. Атап айтсақ, 235 гектарға қарқынды алма бақтары отырғызылса, 19,8 гектар жерге 233 жылыжай орналастырылды. Ал мал шаруашылығы өнімінің өсіміне экспорттық әлеуетті дамытуға бағытталған «Сыбаға, «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларын жүзеге асыру ықпал еткенін айта кеткен жөн. Өткен жылы бұл мақсатта 5527 бас ірі қара, 46296 бас қой, 2165 бас жылқы сатып алынды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде барлық мал түрлері басының өсімі байқалады. Облыста Ресей, сондай-ақ, басқа да нарықтарға бағытталған көкөніс, ет және сүт кластері дамуда. Өңірде Меркі ауданында 42 шаруашылығы бар «Меркі өнімдері» өндірістік кооперативі және жаңазеландиялық «Fonterra» және даттық «Arla» бағдарламалары негізінде 15 шаруашылықтарды біріктіре отырып Жуалы ауданында «Жуалы-Алатау» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Облыста ауыл шаруашылық техникасымен қайта жарақтандыру, бордақылау алаңдарын, сүт-тауарлы фермаларын құру және ауылшаруашылық тауарларын өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетсек, 32 сүт-тауарлы ферма іске қосылып, 24878 басқа арналған 26 ірі бордақылау алаңдары, 50 ауыл шаруашылық кооперативі жұмыс атқаруда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетудің жүйелік шаралары іске асырылып келеді. Бағдарламаны жүзеге асыра бастағаннан 2016 жылға дейін 79,8 миллиард теңгеге 766 жоба, оның ішінде 2016 жылы 27,6 миллиард теңгеге 219 жоба субсидияланды. Сонымен қатар, 2,4 миллиард теңгеге 212 кепілдік беріліп, 1,5 миллиард теңгеге шағын және орта бизнестің 77 жобасына инженерлік инфрақұрылым жүргізілді. Жаңа бизнес бастамаларды іске асыруға бағдарламаны жүзеге асыра бастағалы бері 95,3 миллион теңгеге 33 грант, өз ісін ашуға және кеңейтуге 461,6 миллион теңгеге 153 шағын несие берілді. Жалпы, бағдарлама жүзеге асырылған жылдары көрсетілген мемлекеттік қолдау 12 мың жұмыс орнын сақтап қалуға және 4 мың жұмыс орнын құруға ықпал етті. Құрылыс, көлік және сауда салаларында да оң динамика сақталып отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,2 пайызға, сауда 0,4 пайызға артып, жүк айналымы 0,1пайызға, жолаушы айналымы 16 пайызға өсті. «Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны» түйінді индикатор бойынша жоспарлы мәні 105,2 пайыздан кем емес жоспарланып, нақты орындалу мәні 105,4 пайызды құрады. Қаратау қаласында «ЕуроХим Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіретін химия зауытының, Т.Рысқұлов ауданындағы газ-компрессорлы стансаның құрылыстарына инвестиция тарту есебінен оң көрсеткішке қол жеткізілді. Жалпы, 2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 215,4 миллиард теңгені немесе 2015 жылғы деңгейдің 106,2 пайызын құрады. Ал «Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуі» көрсеткіші бойынша жоспарлы мәні 102,5 пайыздан кем емес жоспарланып, нақты орындалу мәні 103,0 пайызды құрады. Ал, «Жұмыссыздықтың қысқартылуы» көрсеткішінің жоспарлы мәні 5,0 пайызға өсіп, 2016 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Ұлттың келешегі үшін ұрпақ тәрбиесі аса маңызды. Сондықтан да өткен жылы 3845 орындық 36 балабақша, сондай-ақ, 25 орындық 1 шағын мемлекеттік орталық ашылды. Оның ішінде Ұлттық қор қаражаты есебінен 840 орындық 3, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 280 орындық 2, мемлекет-жеке меншік әріптестігі негізінде 29, ғимарат беру есебінен 1, қайтару есебінен 1 балабақша ашылды. «Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы» түйінді индикатор бойынша жоспарлы мәні 273,8 мың шаршы метр жоспарланып, нақты 318,2 мың шаршы метрге тұрғызылған тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Ал «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі» түйінді индикатор бойынша жоспарлы мәні 75,5 пайызға белгіленіп, нақты орындалу мәні 75,5 пайызды құрады. 2016 жылы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін дамытуға, жөндеуге және ұстауға бюджеттен 9,9 миллиард теңге жұмсалды. «Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы» түйінді индикатор бойынша жоспарлы мәні 14,8 пайыздан артық емес жоспарланып, нақты орындалу мәні 13,5 пайызды құрады. Қолға алынған көптеген жобалармен қатар, облыс орталығында тәуліктің түнгі кезінде жасалатын қылмыстарға жедел әрекет ету үшін құрамына қылмыстарды іздеу қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторы кіретін «Сова» жедел іздеу тобы құрылды. Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастамашылығымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыстың барлық аудандарында алдын алу іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізілді. «100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету» түйінді индикатор бойынша жоспарлы мәні 9,0 бірліктен артық емес жоспарланып, нақты орындалу мәні 100 зардап шеккен адамға шаққанда 8,6 бірлікті құрады. «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру» түйінді индикатор бойынша жоспарлы мәні 81 пайызға жоспарланып, нақты 10 балдық шкаламен орындалу мәні 83 пайызды құрады. Сонымен қатар, «Ғұмырдың болжамды ұзақтығын арттыру» түйінді индикаторға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету, оның уақытылы әрі сапалы көрсетілуі бойынша шаралар іске асырылуда. 2016 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 39,5 миллиард теңгені құрады. Бюджет қаражаты есебінен 2 емхана, 2 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт пайдалануға беріліп, денсаулық сақтау саласының 3 нысаны газбен қамтамасыз етілді.
(«Егемен Қазақстан», 13 шілде, 2017 жыл).