- Advertisement -

12 миллион теңгеден астам қаражат үнемделген

88

- Advertisement -

Брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев департаменттің ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытында жүргізілген жұмыстар өз жемісін бере бастаған.     
– Ағымдағы жылдың 6 айында мемлекеттік органдар 4 миллионнан астам қызмет көрсетті. Бір айта кететіні, корпорация арқылы және электронды форматта көрсетілген қызметтер үлесінің өсу үрдісі байқалады. Яғни, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, Мемкорпорация арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 64 пайыз өскен болса, электронды нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі 7,2 пайызға артқан. Есепті кезеңде департамент 17 тексеру өткізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы бұзудың 167 фактісін анықтады. Департамент ұсыныстары бойынша жалпы 14 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деді Мақсұт Ыбрайханұлы.
М.Нәлібаев мемлекеттік қызметтің моделін жүзеге асыру жағдайы, департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы, мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп кодексі талаптарын сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету салаларындағы жұмыс жайында әңгімелеп, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестаттауының қорытындыларын мәлімдеді.
– Аттестаттау қорытындыларына сүйене отырып, аттестаттау комиссиялары 167 қызметшіні атқаратын мемлекеттік лауазымына сәйкес және лауазымынан жоғарылатуға, 3474 кадрды өз қызметіне сай, 38-ін атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және өз қызметінен төмендетуге, 6 адамды өз қызметінен босатуға ұсыныс берді. Ұсыныстар жыл соңына дейін орындалуы тиіс, – дейді департамент басшысы.
Мемлекеттік қызметші өз міндетіне адал болуы тиіс. Мансап қуып, мінез көрсетуге болмайды. Сөйте қалған жағдайда ондайларды тезге салатын Әдеп кеңесі бар. Дерекке сүйенсек, алты айда өткен Әдеп жөніндегі кеңестің алты отырысында 36 мәселе қаралған. Оның 20-сы тәртіптік істер екен.
Департамент өзіне жүктелген тапсырма бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңға енгізілген нормалар негізінде жемқорлықтың алдын алу үшін кешенді шараларды қолға алыпты. Соның барысында есепті кезеңде барлық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 9 мыңнан астам адамды қамтыған 130 іс-шара ұйымдастырған. Ал, мемлекеттік сатып алу бағаларына жүргізілген мониторинг бойынша департамент тарапынан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ұсыныс хаттар жолданып, нәтижесінде 12 миллион теңгеден астам қаражат үнемделген.
Брифингте тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берген М.Нәлібаев осындай мәліметтермен бөлісті.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support