- Advertisement -

Анамның тілі – айбыным менің

145

- Advertisement -

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңмен бекітілген соң, мемлекеттік тіліміздің қолдану кеңістігі барған сайын ұлғайып, шын мәнінде де қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналып келеді.
Әр жас тұлға тәрбиені алдымен отбасынан алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп ұлағатты ой саптау да, уыз тәрбиенің ықпалының құнын байыптап береді. Жас сәбилер есі кіргеннен туған тілімен сусындаса, сол тілдің арқасында елдің тарихын, шежіресін, сөз киесін түсініп, ұлттық құндылықтардың бәрін естіп, көңіліне тоқып өседі. Сондай ортада есейген тұлға, өз тілінің бағын аша біледі.
Елбасы Жолдауында «Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді» – деп айтылған болатын. Көп ұлтты елімізде бұл ұрпақ болашағы үшін аса қажетті бастама деп ойлаймын. Мәңгілік Ел болуды мұрат еткен Елбасымыз келер күнге көрегендікпен болжам жасайды. Ұрпақтың сауаттылығы мен парасаттылығы қазақ елінің ертеңіне шексіз пайдасын тигізетіні күмән келтірмейді.
Қазақтың тілі – тектіліктің тұғыры, ол ұлттық намыс пен рухтың қайнар көзі. Әр қазақ ана тілін аяласа, елдің мәртебесі асқақтап, ұрпақтың жұлдызы биіктен маздайды.
Тілдерді оқыту орталығының әр қызметкері барша этникалық қоғамның мәдени жетістіктеріне аса жоғары құрметпен қарайды. Мемлекетті құрастырушы қазақ халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін білу арқылы ұлттар арасында достық пен татулықты, одан әрі нығайта түсеміз. Біздің бағытымыз – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.

Шынар
Бақытбекқызы,
тілдерді оқыту орталығының аға
ғылыми әдіскері.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support