- Advertisement -

«Ұлы дала сазы»

137

- Advertisement -

аясында орындалған дәстүрлі әндер тыңдармандарды тәнті етті

Тараз қаласындағы «Төрткүл» керуен сарайында дәстүрлі ән өнерін дәріптейтін «Ұлы дала сазы» атты концерт өтті. Елордада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында ұйымдастырылған шараға облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы мұрындық болды.
F04A7145-1 F04A7180Өнер кешінде сөз алған облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Жарқынқызы: «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында республикамыздың түкпір-түкпірінде ауқымды мәдени шаралар өтуде. Бұл көрме арқылы еліміз жасыл экономикасын ғана танытып қоймай, сонымен бірге ұлттық дәстүрлерімізді, руханиятымыз бен әде-биетімізді де жаһанға әйгілеуде. Сол айшықты шаралардың бірі бүгінгі «Ұлы дала сазы» атты дәстүрлі өнер концерті. Осы шара арқылы рухани серпіліп, жақсы демалып қайтуларыңызға тілектеспін» – дей отырып, қатысушылар мен жиналған көпшілікті өнер мерекесімен құттықтады.
Ұлттық өнерді халыққа дәріптеп, қала жұртшылығына мазмұнды әрі мәдени тынығу ұсыну мақсатына негізделген шарада Кенен атамыздың өнерін насихаттаушылар, облыс мақтаныштары Қарлығаш Қожағазина, Айгүл Мақашева секілді дәстүрлі әншілер, Дидар Басықараев, Айсұлтан Көпбосынұлы сынды талантты күйшілер өнерлерін ортаға салып, тыңдармандардың көңілін серпілтті. Өңіріміздің зиялы қауым өкілдері шараның құтты қонағы болса, бірқатар тараздықтар айтулы өнер кешін тамашалауға арнайы келіпті.
Мәдениеттанушы Әлібек Әмзеұлы концерттің өткізілуі хақында өз ойын ортаға салып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға, әнсүйер көрермендерге алғысын айтты. Концертке арнайы келген қарт кісілер қоңыр үнді домбыраның даусына елітіп, өнерпаздар орындаған əндерді қосыла шырқағанда «Төрткүл» керуен сарайы ән қанатында тербеліп тұрғандай әсер қалдырды. Дәстүрлі ән өнерінің әлеміне еніп, халық музыкасының зор мұрасына сусындаған халық концерт аяқталған соң да өнерпаздарды дүркін-дүркін қошеметке бөлеп жатты.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support