- Advertisement -

Қазақстан-Германия: ынтымақтастық оң қарқын алады

101

- Advertisement -

53aef21ab5a9ab79cc33979259c96a76Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.
Нұрсұлтан Назарбаев Ф.В.Штайнмайердің Германия Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапармен келіп отырғанын атап өтіп, оған ЭКСПО-2017 көрмесін аралап көруге қызығушылық танытқаны үшін ризашылық білдірді.
– Мен Сізді еліңіздің Президенті лауазымына сайлануыңызбен құттықтаудың осындай мүмкіндігі туындағанына қуаныштымын. Сіз дүние жүзіне белгілі әрі көпшілік құрметтейтін саясаткерсіз. Германия халқы өзіңіздей беделді Президентке ие болды. Біз бір-бірімізді көптен бері білеміз. Сізбен ынтымақтастықта болып, жүздесу әрдайым көңіл қуантады. Сіз сыртқы істер министрі лауазымында болған кезде біз ауқымды түрлі мәселелерді талқылаған едік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Германия әлемдегі ең ірі экономикасы бар ел екенін айтып, елдеріміз жақсы әріптес болып отырғанына тоқталды.
– Қазір ынтымақтастығымыздың жаңа бағдарламалары бар. Қазақстан осы қарым-қатынастарды барлық бағыттар бойынша дамытуға мүдделі. Сіздің сапарыңыз аясында Іскерлік кеңес өтуде. Елдеріміздің бизнес-құрылымдары арасында 20-ға жуық келісімге қол қойылады, – деді Мемлекет басшысы.
Германия Федеративтік Республикасының Президенті Ф. В. Штайнмайер Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін бүкіл Германия делегациясы атынан алғыс айтты.
– Сізге қонақжайлылық танытып, Германияға және жеке өзіме қатысты айтқан жылы лебізіңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Президент ретінде сайланғаннан кейін мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Осы сапарымның өзіндік ерекшелігі де бар. Биыл біздің мемлекеттер арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 25 жыл толып отыр, – деді Ф.В. Штайнмайер.
Германия Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастық оң қарқын алып отырғанына назар аударды.
– Ширек ғасырда экономикадағы, мәдениеттегі және саясаттағы өзара қарым-қатынасымыз нығайып, тереңдей түсті. Осы іскерлік қатынастардың артқанының бірден-бір көрсеткіші ретінде Германия ұйымдары мен компанияларының «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді түрде атсалысуын айтуға болады. Осы орайда, көрмедегі Германия күнінің менің сапарыммен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымын, – деді Ф.В.Штайнмайер.
Германия Президенті болашақтың энергетикалық мәселесіне арналған халықаралық көрме тақырыбының өзектілігін де атап өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support