Голливудта Ким Чен Ын туралы фильм түсірілмек
Голливудта Ким Чен Ын туралы фильм түсірілмек
КХДР-дың «даңқты басшысы» Ким Чен Ын Голливудтың «Интервью» сатиралық комедиясының кейіпкері атанады. Ол экранға қазан айында шығады. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады. Фильмдегі басты рөлдерді актерлер Сет Роген мен Джеймс Франко ойнайды. Олар КХДР басшысынан сұхбат алу мүмкіндігіне ие болған ток-шоу жүргізушілерінің рөлін сомдайды. Кейін оларды барлау басқармасы орталығы Ким Чен Ынге қастандық жасауға тартады. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ким Чен Ынның әкесі Ким Чен Ир де Голливудтың сатиралық «Америка отряды» фильміне кейіпкер болған еді. Сонымен бірге, американдық «Moneyhorse Games» компаниясы басты кейіпкері Ким Чен Ын болатын «Атақты көшбасшы» деген атаумен видео ойын шығаруды жоспарлап отырғандарын жариялады.