90 жастағы Джордж үлкен-Буш парашюттен секірді
90 жастағы Джордж үлкен-Буш парашюттен секірді
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш кеше өзінің 90 жылдық мерейтойы кезінде бірнеше метр биіктіктен парашютпен секірді деп хабарлайды Associated Press. Паркинсон ауруына шалдыққан үлкен Буш мүгедектер арбасымен ғана қозғала алады. Тікұшақтан ол тәжірибелі маман Майкл Эллиотпен бірге секірген. Мэн штатындағы үйінің маңына қонған экс-президентті жерде әйелі Барбара мен ұлы Джордж күтіп алыпты. Үлкен Буш осымен сегізінші рет парашютпен секіріп отыр. Ең алғаш рет ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Тынық мұхитының үстіне парашютпен түскен. Ол кезде жаудың оғы Буш мінген ұшақты зақымдап, жауынгер суға секіруге мәжбүр болған екен. 80 және 85 жасқа толған кезінде де экс-президент биіктен парашютпен секірген.