- Advertisement -

«Тараз» түзде «Атырауды» ұтты

73

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 19-туры аясында Атырау қаласында жергілікті командаға қарсы алаңға шыққан «Тараз» футболшылары қарсыластарын қапы қалдырып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Жамбылдық футболшылар бұл күні қорғаныста да, шабуылда да сәтті ойнай білді. Ойын барысында өткір шабуылдарымен көзге түсті. Кездесудің он жетінші минутында Жан-Эд Моррис мергендігімен көзге түсіп, «Таразды» алға шығарса, кездесудің алпыс төртінші минутында Марат Хайруллин таразы басын теңестірді. «Атырау» футболшылары есепті теңестірген соң «Тараз» қайтадан қаһарына мінді. Кездесудің жетпіс бірінші минутында Жан-Эд Моррис екінші голын соғып, «Таразы» басын қайтадан «Таразға» аударса, жетпіс бесінші минутта Абзал Таубай ақтық нәтижені тіркеді. Қорытынды есеп 1:3. «Тараздың» пайдасында. «Тараз» осы жеңісінен кейін жетінші орынға орнықты. Дегенмен, екі ұпай қалып келе жатқан «Оқжетпес» пен үш ұпай қалып тұрған «Атырау» командалары бір ойын кем өткізген. Алдағы ойындарда жеңісті жорықтарын жалғастырса, «Тараздың» алғашқы алтылыққа енетін мүмкіндігі бар.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support