- Advertisement -

«Ән – жырым саған, Астана!»

109

- Advertisement -

Астана күні мерекесіне орай Т.Рысқұлов атындағы саябақта «Ән-жырым саған, Астана!» атты фестивальдің марапаттау салтанаты, гала-концерті өтті. Қаламыздағы талантты жастарды анықтау, олардың бойындағы өнері мен шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дарынды жастарға қолдау білдіру мақсатында өткен фестивальді Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай барлық жиналғандарды елдік мерекемен құттықтап фестивальге қатысып, жүлделі орындардан көрінгендерді марапаттады. Атап айтар болсақ, «Астана – балалар көзімен» атты сурет байқауында «Жас балғын» аула клубынан Ә.Шыңғысұлы, би топтары арасында «Баян сұлу» тобы, патриоттық әндер байқауында С.Шахаева жеңімпаз деп табылып, естелік сыйлықтармен, арнайы дипломмен марапатталды. Шара соңы концертке ұласып, ән әуелеп, өнерпаздар би биледі. Саябақ іші мерекелік көңіл-күйге сай шат-шадыман думанға бөленді.
Осы күні Қазақстан республикасы Тұңғыш Президенті саябағында мерекелік шара ұйымдастырылып, өңірге танымал өнерпаздар елдік, патриоттық рухты көтеретін әндер шырқап, жиналғандарға тамаша әсер тарту етті.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support