Саясат

Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 262 өкімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев тағайындалды.

Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 262 өкімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев тағайындалды.

Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы 1963 жылы туған. Білімі – жоғары. 1989 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы, 1998 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Жаңа тұрмыс совхозының малдәрігері болып бастаған. 1990-1991 жылдары Путь Ленина колхозының бас малдәрігері, 1991 жылы Қордай аудандық малдәрігерлік стансасының бас малдәрігері, 1991-1992 жылдары «Ақ бұлақ» АҚ-ның аға малдәрігері, 1992-2003 жылдары «Сарыбұлақ» совхозының бас зоотехнигі, мал шаруашылығы цехының бастығы, 2003-2004 жылдары «Бірлік үстем» өндірістік кооперативінің төрағасы, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қордай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, 2004-2008 жылдары Шу ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Мойынқұм ауданының әкімі. 2010 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, 2010-2015 жылдары Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары, 2015 жылдан Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.