- Advertisement -

Елорда күніне орай көрмеге кірудің жаңа түрі енгізіледі

85

- Advertisement -

«Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Астана күніне орай, шілденің 1-10 аралығында мерекелік науқан өткізіп, көрме билеттерінің жаңа түрін енгізбекші. Астана қаласының тұрғындары көрмеге кіру үшін үш билетті сатып алған жағдайда, бір билетті сыйлыққа алады.
Демалыс күндері балалар мен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін көрмеге кіру тегін. 12 жасқа дейінгі балалар міндетті түрде ересек адамдармен болуы және баланың жасын растайтын көрме билеті соған негізделіп, берілетін құжат болуы қажет.
Сондай-ақ ұйымдас-тырушылар 18.30-дан кейін жарамды билеттің жаңа «Кешкі» түрін енгізгені туралы хабарлайды. Оның құны жұмыс күнінде 2 мың теңгені және демалыс күндері 3 мың теңгені құрайды. «Кешкі» билетінің шарттары тұрғындардың жеңілдікке ие санаттарына қатысты және ол екі есе арзан, яғни құны жұмыс күнінде 1 мың теңгені және демалыс күндері 1,5 мың теңгені құрайды.
ЭКСПО-2017 көрме абонементтерінің саты-лымы басталғанын еске саламыз. Көрмені өткізу мерзімінде абонемент құны стандартты санат үшін 50 000 теңгені, ал жеңілдікке ие санат үшін 25 000 теңгені құрайды. Абонементті ЭКСПО-2017 ресми билет кассаларында және көрменің кіреберісіндегі кассалардан сатып алуға болады. Барлық абонементтер атаулы болып табылады, сондықтан абонементті сатып алу және көрме аумағына кіру кезінде жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support