- Advertisement -

Тұтынушы құқығы бұзылмауға тиіс

114

- Advertisement -

Облыстық «Ауыл жастары одағының» корпоративтік қоры мен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тұтынушылар өз құқығын қорғауы тиіс» тақырыбында кездесу өтті. Тұрғындардың тұтыну сауаттылығын арттыруды көздеген жиынға «Еуропалық құқықтық қызмет» компаниясының директоры Ольга Ким, «Ауыл жастары одағы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Адина Айнаева, Тараз қаласының кірістер басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Тойғұлов және жоғары, арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты.
Облыстық «Ауыл жастары одағы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Адина Айнаева сатушы мен тұтынушы арасында туындайтын кикілжіңдерге тоқталып, мұның түпкі себебі құқықтық сауаттылықтың төмендігі екенін атап өтті: «Тұтынушы деген кім? Әрине, ол сіз бен біз. Біз өз құқығымызды білуіміз керек. Мемлекетіміздің басты капиталы – халық. Сол себепті тұтынушылардың құқықтары қорғалатын болады», – дейді ол.
Жиында қатысушыларға тұтынушы құқықтары туралы нұсқаулық таратылды. Кездесуде студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар алынды. Сонымен қатар, «Еуропалық құқықтық қызмет» компаниясы да жоба аясында тұтынушыларға тегін кеңестер беретіні айтылды.

Әзиза Әзімбекқызы,
ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support