Жамбылда не жаңалық?

Меркі

Меркі

«Алтын жүрек» акциясы өтті

Аудандық педагогика-психологиялық түзету кабинетінде «Алтын жүрек» акциясы өтті. Жалпы, түзету орталығында қазір 110-дай бала тәрбиеленуде. Жүріп-тұруы қиын балалардың осы орталықтан ем алып, қатарға қосылуы ата-аналарды қуанышқа бөлеуде. Осындай қамкөңіл балалардың ем-домы үшін «Меркі ірімшік» зауыты, «АТФ» банк, «Меркі ет», «Меркі дезинфекция», «Гидроэнергетикалық компания», «Таза су» мекемелері акция барысында демеушілік көрсетті.