- Advertisement -

Мыңғыртып мал өргізген

135

- Advertisement -

«агрофирма Түрікпен» ЖШС-ның жұмысы жанданып келеді

Бұрын шаруасы шатқаяқтап барып түзелген шаруашылықтар өңірдің мал өсірумен төрткүл дүниеге жайылған байырғы даңқын қайта оралту жолында күш жұмылдыруда. Бұл тұрғыда тын-дырылған тірліктер аз емес. Мәселен, «Агрофирма Түрікпен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестиция тарту арқылы құрылып, әлеуетін еселеп арттырып отыр. Кәсіпкер Бауыржан Әбілдаев басқаратын бұл шаруашылықтың жұмысы жылдан-жылға жандануда. Агроқұрылымның иелігінде қазір барлығы  64 317,48 гектар жер бар. Оның ішінде жайылымдық 59 429,66, шабындық 4888,18 гектарды құрайды. Қысқасы, серіктестіктің мыңғыр-тып мал, жайқалтып егін өсіруіне мейлінше қолайлы жағдайлар жасалған.Агрофирма түрікпендіктер осы мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып, бар жұмысты ең алдымен қорадағы мал басын көбейтуден бастаған. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қажет қаржы көзі де табылды – «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы  800 миллион, ал «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 1 миллиард теңге несиеге  қол жеткізді. Нендей істі де бастау қиын. «Көз қорқақ, қол батыр» демекші, шаруашылық басшылары «тәуекел» деп мал шаруашылығын дамыту бағытындағы тиісті шараларды батыл жүзеге асыруға да кіріскен.  Ә дегенде сырттан 1552 бас қылқұйрықты сатып әкеліпті. Ал 2015-2016 жылдары шаруашылықтың қора жайы біраз асыл тұқымды мүйізді ірі малымен толықтырылған. Олардың  2603-і қалмақ, 258-і ақ бас, 373-і әулиекөл, 105-і герефорд тұқымынан екен. Бір жарым мыңдай уақ мал және бағылу үстінде. 

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б. Жақсымбетовтің айтуынша, өрісті малға толтыру ісі мұнымен де шектелмек емес. Агроқұрылым бойынша  былтырғы жылдың аяғы мен биылғы жылдың 1-тоқсаны аралығында 5500 қалмақ тұқымды мүйізді ірі қара малы және ет бағытындағы 3000 бұқашық сатып алу көзделген. «Жұмыстың барлығы алдын ала жасалған жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Серіктестік биыл «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы  300 миллион, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 3 миллиард теңге несие алып, мал шаруашылығын дамыту бағытында тиісті шаралар қабылдауды ойластырып отыр», – дейді Бауыржан Серікбайұлы.  Сонымен қатар серіктестік күшімен қора жайлар да көптеп бой көтеруде. Жоспар бойынша салынуы тиіс 35 қашардың 33-інің, сондай-ақ екі пәтерлі 41 үйдің 39-ының құрылысы толық  аяқталған. Аталған нысандардың ішінде 6 қашар мен 6 үй Жамбыл, қалған 23 мал қора мен тұрғын үйлер Қарабөгет, Ұланбел ауылдық округтерінің аумағына орын тепкен. Ал қалған 12-сі Ақсүйек ауылдық округі аумағынан салыныпты. Құрылыс жұмыстары жүргізілуіне серіктестік өзінің жеке қаражаты есебінен 660 миллион теңге  жұмсаған екен.

«Агрофирма Түрікпен» ауқымды жұмысын мұнымен де тоқтатпай, 2017-2018 жылдары 15 мал қора, 15 үй және аудан орталығынан кеңсе, малшылар балаларына арналған интернат салуды да ойластыруда. Аталған нысандардың  құрылыс жұмыстарына 100 адам, 12 техника, 2-Уаз, 2-НИВА автокөлігі жұмылдырылған.

Агроқұрылым малдың жайын әсте назардан тыс қалдырмақ емес. Әсіресе, мал суатының сайлы, қорасының жайлы болуы бірінші кезектегі іс. Мұнда, сондай-ақ бүгінгі таңда 8 құдықты тазалап, жаңадан 70 құдық қазу көзделуде. Алдағы уақытта үш тіркеме, төрт жүк көлігін, бес МТЗ-82 тракторын, тырма, орақ, шөп тайлағыш,  шөп тиеуіш секілді бірқатар ауыл шаруашылығы машиналарын сатып алу арқылы, шаруашылықтың техникалық әлеуетін нығайту да жоспарда бар.

Қазіргі таңда асыл тұқымды малды өсіріп көбейту үшін Ресей Федерациясымен тиісінше келісімшарттар жасалуда. «Агрофирма Түрікпен» алдағы уақытта сүтті бағытта мүйізді ірі қара малын көптеп өсіріп, сүт өнімдерін өндіруді де қолға алмақшы және ұсақ шаруа қожалықтарын өз маңайына біріктіруді де көздеп отыр. Мойынқұм даласы мыңғырған малға толып жатса, бұл елдің игілігін, ырыс-құтын үстей түсері анық.

 

Мойынқұм ауданы.

 

(Соңы. Басы 1-бетте).
Агрофирма түрікпендіктер осы мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып, бар жұмысты ең алдымен қорадағы мал басын көбейтуден бастаған. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қажет қаржы көзі де табылды – «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы  800 миллион, ал «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 1 миллиард теңге несиеге  қол жеткізді. Нендей істі де бастау қиын. «Көз қорқақ, қол батыр» демекші, шаруашылық басшылары «тәуекел» деп мал шаруашылығын дамыту бағытындағы тиісті шараларды батыл жүзеге асыруға да кіріскен.  Ә дегенде сырттан 1552 бас қылқұйрықты сатып әкеліпті. Ал 2015-2016 жылдары шаруашылықтың қора жайы біраз асыл тұқымды мүйізді ірі малымен толықтырылған. Олардың  2603-і қалмақ, 258-і ақ бас, 373-і әулиекөл, 105-і герефорд тұқымынан екен. Бір жарым мыңдай уақ мал және бағылу үстінде. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б. Жақсымбетовтің айтуынша, өрісті малға толтыру ісі мұнымен де шектелмек емес. Агроқұрылым бойынша  былтырғы жылдың аяғы мен биылғы жылдың 1-тоқсаны аралығында 5500 қалмақ тұқымды мүйізді ірі қара малы және ет бағытындағы 3000 бұқашық сатып алу көзделген. «Жұмыстың барлығы алдын ала жасалған жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Серіктестік биыл «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы  300 миллион, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 3 миллиард теңге несие алып, мал шаруашылығын дамыту бағытында тиісті шаралар қабылдауды ойластырып отыр», – дейді Бауыржан Серікбайұлы.  Сонымен қатар серіктестік күшімен қора жайлар да көптеп бой көтеруде. Жоспар бойынша салынуы тиіс 35 қашардың 33-інің, сондай-ақ екі пәтерлі 41 үйдің 39-ының құрылысы толық  аяқталған. Аталған нысандардың ішінде 6 қашар мен 6 үй Жамбыл, қалған 23 мал қора мен тұрғын үйлер Қарабөгет, Ұланбел ауылдық округтерінің аумағына орын тепкен. Ал қалған 12-сі Ақсүйек ауылдық округі аумағынан салыныпты. Құрылыс жұмыстары жүргізілуіне серіктестік өзінің жеке қаражаты есебінен 660 миллион теңге  жұмсаған екен.«Агрофирма Түрікпен» ауқымды жұмысын мұнымен де тоқтатпай, 2017-2018 жылдары 15 мал қора, 15 үй және аудан орталығынан кеңсе, малшылар балаларына арналған интернат салуды да ойластыруда. Аталған нысандардың  құрылыс жұмыстарына 100 адам, 12 техника, 2-Уаз, 2-НИВА автокөлігі жұмылдырылған.Агроқұрылым малдың жайын әсте назардан тыс қалдырмақ емес. Әсіресе, мал суатының сайлы, қорасының жайлы болуы бірінші кезектегі іс. Мұнда, сондай-ақ бүгінгі таңда 8 құдықты тазалап, жаңадан 70 құдық қазу көзделуде. Алдағы уақытта үш тіркеме, төрт жүк көлігін, бес МТЗ-82 тракторын, тырма, орақ, шөп тайлағыш,  шөп тиеуіш секілді бірқатар ауыл шаруашылығы машиналарын сатып алу арқылы, шаруашылықтың техникалық әлеуетін нығайту да жоспарда бар.Қазіргі таңда асыл тұқымды малды өсіріп көбейту үшін Ресей Федерациясымен тиісінше келісімшарттар жасалуда. «Агрофирма Түрікпен» алдағы уақытта сүтті бағытта мүйізді ірі қара малын көптеп өсіріп, сүт өнімдерін өндіруді де қолға алмақшы және ұсақ шаруа қожалықтарын өз маңайына біріктіруді де көздеп отыр. Мойынқұм даласы мыңғырған малға толып жатса, бұл елдің игілігін, ырыс-құтын үстей түсері анық.
Мойынқұм ауданы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support