- Advertisement -

Нормативтік-құқықтық актілер туралы

155

- Advertisement -

Қазақстан Республика-сының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының (әрі қарай – Заң) 44-бабына сәйкес, нормативтік-құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу әділет органдарының актіде құқық нормасының болуы және оны мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдау тұрғысынан заң сараптамасын жүргізуін, нормативтік-құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін айқындауды және мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, оны нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізуді қамтиды.
Осы Заңның 1-бабының 18-тармағына сәйкес құқық нормасы – реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға арналған, жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi мінез-құлық қағидасы. Осы Заңның 19-бабының 1-тармағына сәйкес Әзірлеуші органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін әзірлеуші орган белгілейтін мерзім жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауы керек. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерінің ортақ пікірін білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және нормативтік-құқықтық актінің жобасына ол қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымша болып табылады. Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
«Нормативтiк-құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2016 жылғы 6 қазандағы N568 Қаулысның 39 және 40-тармақтарына сәйкес осы Қағидалардың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде ұсынылады.
Нормативтік-құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар:
1) ілеспе хат;
2) нормативтік-құқықтық актінің қазақ және орыс тілдеріндегі төлнұсқасы екі көшірмесімен баспа және электрондық түрде ұсынылады.
Нормативтік-құқықтық актіні бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған жағдайда, онда осы актіні ұсынған мемлекеттік орган нормативтік-құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органдардың санына қарай нормативтік-құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі төлнұсқаларын қосымша ұсынады;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгiлеген нысан бойынша қазақ және орыс тiлдерiнде анықтама-негiздеме;
4) нормативтiк-құқықтық акт жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғайтын жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысының көшiрмелерi;
5) нормативтік-құқықтық акт азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын жағдайда қоғамдық кеңес ұсынымдарының көшiрмесi;
6) нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайда енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар нормативтік-құқықтық актінің алдыңғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі;
Нормативтік-құқықтық актіге мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған жағдайда тиісті міндеттемелерді жүктеу туралы құжаттың көшірмесі;
Жүргiзiлуi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген тиiстi сараптамалық қорытындылардың көшiрмесi ұсынылады.

Асхат Оразхан,
облыстық әділет
департаментінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support