- Advertisement -

Чемпион анықталар сәт жақын

86

- Advertisement -

Әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі саналатын футболдан Ресейде өтіп жатқан конфедерация кубогы мәресіне таяп келеді. Өз топтарында қарсыластарынан басым түсіп, жартылай финалға шыққан төрттік анықталды. Енді олар байрақты бәсекенің жеңімпазын айқындауға күш салады.
Жартылай финалда әлем чемпиондары Германия құрама командасы Мексика елінің сайыпқырандарымен күш сынасады. Додаға негізінен жас футболшыларын алып келген «неміс машинасы» топтық кезеңде екіұшты ойын өрнегін көрсетіп, жартылай финалға шыққанын айта кету керек. Ал өз тобында екінші орын иеленген Мексика құрамасы да «біртүрлі» ойынымен есте қалды. Мәселен, Еуропа чемпиондары Португалияға қарсы тамаша ойын үлгісін көрсетіп, ұпай бөліссе, доданың анық аутсайдері саналған Жаңа Зеландия құрамасын әупірімдеп жүріп, әрең ұтты. Бұл жұпта жанкүйерлер бойларында жастықтың оты жалындаған Германия құрамасы жеңіске жетеді деседі. Екінші жұпта Португалия мен Чили құрамасы. Ойыншыларының шеберлігі мен деңгейі шамалас қос команда кеше түнде жасыл алаңда кім мықтыны анықтады.
Әлем чемпионатының алдында тұрақты түрде әр құрлықтың чемпиондары топқа түсетін доданың жеңімпазы кім болуы мүмкін? Бұл сұраққа жауапты санаулы күннен соң алатын боламыз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support