- Advertisement -

Бауыржан Исламхан «Зенитке» ауыспайды

97

- Advertisement -

Таяуда Жамбыл футбол мектебінің түлегі, ұлттық құраманың және алматылық «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан Ресейдің «Зенитіне» ауысуы мүмкін деген ақпарат тарап кеткен болатын. Жағымды жаңалықты естіген жұртшылық қазақ баласы Еуропаға кеңінен танымал болатын сәт те келіп жетті деп ойлап та үлгерген еді.
«Спорт кз» порталының хабарлауынша, Санкт-Петербургтің «Зениті» әзірге нақты бір шешім қабылдамаған сыңайлы. Ол туралы «Зениттің» спорттық директоры Константин Сарсания былай депті: «Бауыржан Исламхан дәл қазір «Зенитке» шақырылатын жаңа ойыншылардың қатарында жоқ. Сондықтан «Исламхан «Зенитке» ауысады» деген әңгімелер әзірге жәй ғана сөз. Бұл барлық футболшыларға қатысты айтылатын жәй ғана гу-гу әңгіме».
Иә, Сарсания осылай деп отыр. Алайда қазақта «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деген сөз бар. Бауыржан Исламхан туралы ресейлік және өзге шетелдік бапкерлер талай мәрте жағымды пікірлер айтқан еді. Алдағы уақытта Бауыржан шекара асып, өзге мүмкіндігі мол командаға ауысып жатса несі айып?

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support