- Advertisement -

Бизнесменнің махаббатыМен бір қызбен таныстым, Аты-жөні – Оймақ. Мен секілді бұ қыз да Болып шықты бойдақ! Сағыз сатып әперсем, Тастайды лезде шайнап. Шайнағанда көздері, Кетеді оттай жайнап. Он сиыры бар екен, Айтып берді сайрап. Бизнесмен болды өзімдей, Сатады екен қаймақ. Қысқасы жүрек сезімім Ортекедей ойнап, Тереңге кетті бойлап. Кемшілігі жалғыз-ақ, Аяғы сәл-пәл маймақ. Біледі екен өзі де, Түсіндірді жәйлап. Көп көтеріп ауыр қаймақты, Болыпты содан маймақ. Бұл міні маған түк те емес, Менің де аяғым маймақ. Ауыр сөмке қаптарды, Көтеріп жылдап, айлап, Аяқтарым содан маймақ. …ЗАГСКЕ, міне келеміз, Екі маймақ маймаңдап, Жаз күніндей жайраңдап. Елдің бәрі мәз-мейрам Екеумізге қайран қап…

125

- Advertisement -

Мен бір қызбен таныстым,
Аты-жөні – Оймақ.
Мен секілді бұ қыз да
Болып шықты бойдақ!
Сағыз сатып әперсем,
Тастайды лезде шайнап.
Шайнағанда көздері,
Кетеді оттай жайнап.
Он сиыры бар екен,
Айтып берді сайрап.
Бизнесмен болды өзімдей,
Сатады екен қаймақ.
Қысқасы жүрек сезімім
Ортекедей ойнап,
Тереңге кетті бойлап.
Кемшілігі жалғыз-ақ,
Аяғы сәл-пәл маймақ.
Біледі екен өзі де,
Түсіндірді жәйлап.
Көп көтеріп ауыр қаймақты,
Болыпты содан маймақ.
Бұл міні маған түк те емес,
Менің де аяғым маймақ.
Ауыр сөмке қаптарды,
Көтеріп жылдап, айлап,
Аяқтарым содан маймақ.
…ЗАГСКЕ, міне келеміз,
Екі маймақ маймаңдап,
Жаз күніндей жайраңдап.
Елдің бәрі мәз-мейрам
Екеумізге қайран қап…

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support