- Advertisement -

Билік пен бұқара арасындағы алтын көпір

132

- Advertisement -

28 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев облыстық газеттер мен телеарналардың басшыларын, республикалық және облыстық басылымдардың тілшілерін қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады.

Құрметті БАҚ өкілдері,қалыптасқан дəстүр бойынша бүгін өздеріңізбен кездесіп отырмын. Төл мерекелеріңізбен шын үректен құттықтаймын. Облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Арай» жастар газеті мен «Қазақстан-Тараз» телеарнасы

Елбасы тапсырмаларын ,облыста атқарылып жатқан игі істерді тұрғындарға дер кезінде жеткізіп, билік пен бұқара арасындағы алтын көпір міндетін ойдағыдай атқарып келеді. Бүгінде облыста өндіріс саласында болсын, басқа салада болсын табыстар жетерлік. Соның бəрін халыққа сіздердің насихаттап, жұмысымызға қолдау білдірулеріңізің арқасында тірлігіміз тиянақты түрде жүзеге асып отыр. Өңірдің өркендеу үдерісі с арапқа салынатын негізгі 16 критерий бойынша біз 100 пайыздан астам көрсеткіш көрсеттік. Өңірімізде ауқымды жобаларды жүзеге асыру жұмыстары да жолға қойылған. Мəселен, «ЕвроХим» минералды тыңайтқыштар өндірузауыты , « Тараз химиялық паркі» секілді алып жобалар өңір экономикасының локомотивіне айналар күн алыс емес», – деген Кəрім Нəсбекұлы өзге салалардағы толайым табыстарды да сөз етіп, бірқатар тілшілерді облыс əкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен арапаттады. Олардың қатарын да осы жолдардың авторы жəне газеттің фототілшісі Ақəділ Рысмахан б а р . Сондай — ақ, «Облыс айнасы» номинациясы бойынша облыстық «Ақ жол» газетінің Директор – Бас ред акторы Көсемəлі Сəттібайұлына, « Знамя труда » газетінің Директор-Бас редакторы Бекет Момынқұлға, «Арай» жастар газеті бас  редакторының о р ы н б асары Тұрсынбек Сұлтанбекке, «Қазақстан- Тараз» телеарнасының бас редакторы Алпамыс Қазыбаевқа марапаттар тапсырылды. Соңынан облыс əкім і өңірімізде медиа-холдинг құру мəселесі туралы ойымен бөлісті. «Заман өзгеріп жатыр. Бірнеше жыл бұрын медиа холдинг құру мəселесін айтқан болатынмын. Оның керектігі қазір сезілуде. Өзге облыстарда қолға алынған бұл бастаманың жемісі жеткілікті деңгейде. Осы мəселе бойынша өздеріңізбен ақылдассақ де ймін . Журналистик а саласына да жаңашылдық

керек деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде тілшілер қауымының жалақысын көтеруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде БАҚ

өзін-өзі асырайтын жағдайға жеткені сөзсіз. Қазіргі таңда тапқан табыстыңбасым бөлігін баспахана алып қойып жатыр. Орталықтан басқару қолға алынса, бұл мəселелер өздігінен шешілер еді. Медиа- холдинг құратын сəт туды.Сіздер мені қолдайсыздар деп ойлаймын», – деген облыс əкімі жаңа технология жемісін берген кезеңде аңалықтан құр қалмау керектігін де еске салды. Бұдан соң облыстық «Ақ жол» газетінің Директор- Басредакторы Көсемəл і Сəттібайұлы сөз алып , тілшілер қауымын қабылдап, марапаттаған өңір басшысына алғысын білдірді. «Сіз Қытайға барған сапарыңызды, Жизаққа барған кезіңізді айттыңыз. Осындай сапарлардан облыс тілшілері тыс қалып жатады.Айталық, сіз Қазақ хандығының 5 5 0 ж ылдығы аясында Қытайдың Сиань қаласына барып, керуенді ұйымдастырған сəтіңізде біз тыс қалдық. Қаншама жарқын сəттерді тілшілер көре алмады. Шіркін- ай, дестік. Алдағы уақытта сондай сапарларға тілшілер де барса деген ұсынысым бар. «Автобан ақылы болса» деген ойымызды білдіріп, «Ақ жол» газетінде мақала жазған едік. Енді сол ой іске асатыны туралы естіп қалдық. Таяуда ЮНЕСКО- ның мəдени мұралар тізбесіне енген Баласағұн қалашығына барғанымда, ол жерге сіздің соққаныңызды , т арихи орынға жол салынатынын білдім. Қуандым. Бүгінде « Жамбылньюс » Ақпарат агенттігі болсын, «Ақ жол» газетінің сайты болсын жаңашылдықпен жұмыс жасауда. Газеттің ПДФ нұсқасы, «Ақ жол ТД» айдары қырмандар

тарапынан қолдау табуда», – деген Көсемəлі Сəттібайұлы медиа-холдинг туралы ұсынысқа қатысты өз ойын білдірді. Республикалық «Время » газетінің облысымыздағы тілшісі Галина Выборнова да облыс əкіміне алғысын айтып, əріптестеріне ізгі тілегін арнады. Сонымен қатар облыстық «Знамя труда» газетінің Директор-Бас редакторы Бекет Момынқұл да медиа-холдинг құру туралы ойымен бөлісті.

Суреттерді түсірген

Ақəділ РЫСМАХАН__

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support