- Advertisement -

Ораза айттың ұлағаты

99

- Advertisement -

Жексенбі күні өңір тұрғындары ала таңнан мешіттерге қарай асықты. Олардың ниеті біреу-ақ. Ол – қасиетті Ораза айт намазына қатысып, Жаратушыға деген ниетін білдіру.
Жұртшылықпен бір-ге облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев та облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіндегі айт намазына қатысып, жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады.

– Ардақты ағайын, қадірлі көпшілік! Біз бүгін сіздермен жақсы ниет, жақсы күнде жолығып отырмыз. Барлықтарыңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Өздеріңіз білесіздер, мемлекетіміз сәт сайын өркендеп, өрлеу үстінде. Қазіргі таңда арайлы астанамыз Елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтіп жатқанын жақсы білесіздер. Бұл мемлекетіміздің әлем алдындағы зор беделін білдіреді. Ұлт Көшбасшысы, Елбасының ұстанған дана саясатының нәтижесінде осындай беделді жиын елімізде өтуде. 

Бұл табыстарға біздің өңірдің де қосып отырған үлесі өте қомақты. Облысымыздың барлық саласында өрлеу, өркендеу бар. Мұның барлығы жамбылдық жұртшылықтың берекелі бірлігінің, ынтымақты тірлігінің – жемісі. Айт мерекесі адамдардың арасын жақындатады. Халықты бірлікке, ынтымаққа, татулыққа үндейді. Сондықтан бұл діни мерекенің маңызы зор. Айт құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, амандық, шаттық, абырой тілеймін, – деді облыс басшысы.
Бұдан соң мыңдаған жамағат облыстың бас имамына ұйып, айт намазын оқыды. Айт намазынан кейін әруақтарға бағышталып құран оқылды.
Айт намазы облыстың барлық мешіттерінде бір мезгілде оқылды. Әр аудан, ауылдарда да Ораза айт мерекесін көпшілік үлкен қуанышпен қарсы алды.

Есет досалы,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support