- Advertisement -

Жүзден жүйрік шыққан Сымбат

72

- Advertisement -

133 балл жинады

Биылғы ҰБТ-ның басты ерекшелігі – ең жоғары балдың 140-қа дейін көбейгені. Нақтырақ айтсақ, үш міндетті пәннен 20 сұраққа жауап берсе – 60 ұпай алады. Ал екі бейінді пәннің әрқайсысында 20 тапсырманың бір дұрыс жауабын тапса – 40, бірнеше дұрыс жауабы берілген 20 сауалда мүдірмесе – 40 балл жинайды. Тестілеудің алғашқы күнінде
Таразда 133 балл жинаған бір түлектің есімі белгілі болды. Біз жүзден жүйрік шыққан шаһардағы №49 мектеп-гимназияның түлегі Сымбат Сүйерхановамен кездесіп, тілдескен едік.

– Сымбат, ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетуіңмен құттықтаймын.

– Рахмет. Жоғары деңгейде дайындалған оқушы барлық мақсатына жетеді екен.
– Биыл ұлттық бірыңғай тест жаңа форматта өткені белгілі, қобалжу болған жоқ па?
– Әрине, жылдағы үрдістің өзгергені әсер етпеді дей алмаймын. Дайындық барысында қобалжу да болды. Бірақ, жақсы дайындалсам, ата-анам мен ұстаздардың үмітін ақтайтыныма сенімім зор болды.
– Қай пәнге бейімсің?
– Мектепте математика пәнінен облыстық олимпиадада жүлдегер атанғанмын. Өңірлік ғылыми жобалар жарысының да жеңімпазымын. ҰБТ-ға мектепте және 125 оқу орталығында дайындалдым. Жақсы жетістікке жеткенім үшін №49 мектеп-гимназияның директоры Дариға Жұмаділоваға, математика пәнінің мұғалімі Айбек Мұратбаевқа, сынып жетекшім Мәдина Майлыходжаеваға және 125 оқу орталығының ұстаздарына алғыс айтқым келеді.
– Тест сұрақтары қиын емес пе екен?
– Биыл ұлттық бірыңғай тест қиын, қатал әрі әділ болды. Дайындығыма қарай лайықты баға алдым деп ойлаймын.
– Қай қалада оқығың келеді?
– Алматы қаласын таңдадым. Дизайнер болғым келеді. Әкем Әділет – құрылысшы, анам Назым есепші болып жұмыс істейді. Грант иегері атансам, ата-анам үшін үлкен көмек болары анық.
– Сыныбыңда тағы жоғары балл алған түлектер бар ма?
– Иә, бар. Еламан Стамқұлов – 126, Әдел Сейіт – 123 балл жинады. 117,115 балл жинаған сыныптастарым бірнешеу. Біздің жоғары көрсеткішке қол жеткізгеніміз ұстаздарымыздың, сынып жетекшіміз Мәдина Әбдікерімқызының тынымсыз еңбегінің арқасы.

Есет ДОСАЛЫ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support