Әлеумет

«Турин процесі» жобасын білеміз бе?

«Турин процесі» жобасын білеміз бе?

«Турин процесі» жобасын өңірлік деңгейде дамытуға байланысты Жамбыл политехникалық колледжінде «Кәсіпқор» холдингінің ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» өтті. Шараға білім саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер палатасы, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы және бірқатар мүдделі мекеме өкілдері қатысты. «Турин процесі» – Еуропа қоры қаржыландырып отырған халықаралық ауқымды жоба. Қазақстан бұған 2010 жылдан бері мүшелікке енген. Биылдан бастап бұл жобаны өңірлік деңгейде ұйымдастыру жолға қойылды. Пилоттық жүйе ретінде Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстары алынды», – дейді Жамбыл политехникалық колледжінің директоры Жанар Орынбаева. Қазақстанның «Туриндік процеске» қатысуының мақсаты – мемлекеттің техникалық және кәсіптік білім саласын еуропалық жүйемен интеграциялау және халықаралық тәжірибе негізінде оның тиімділігін арттыру. Осы мақсатта шараға жиылғандар төрт жұмыс тобына бөлініп, талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін, түрлі топ өкілдеріне арналған «фокус группа» ұйымдастырылмақ. Алда-жалда осы әдістің тиімділігі нақтыланса, оны бүкіл елде енгізу жоспарда бар.

Абай Отар, «Ақ жол».