- Advertisement -

Конфедерация кубогы кімге бұйырады?

68

- Advertisement -

Әлем чемпионаты алдындағы басты футбол бәсекелерінің бірі – Конфедерация кубогы. Әр құрлықтың чемпиондары мен әлем чемпионы және өткізуші мемлекет бақ сынайтын байрақты бәсеке Ресей төрінде басталып та кетті. Әзірге әлем чемпиондары Германия, Оңтүстік Америка чемпионы Чили және әлемдік доданы қабылдайтын Ресей құрамалары қарсыластарынан басым түсті.
Бірінші кезеңде Жаңа Зеландия құрамасымен жасыл алаңға шыққан ресейліктер қарсыластарын 2:0 есебімен жеңіп, жанкүйерлерін серпілтіп тастаса, Еуропа чемпиондары Португалия құрамасы Мексикамен ойнап, 2:2 есебімен тең түсті. Тұңғыш рет халықаралық деңгейдегі футбол додасында бейнебақылау жүйесі енгізіліп, төрешілер шешімін қайта қарап шығуға мәжбүр болып отыр. Бұл алаңда әділ ойын өтуі үшін маңызды қадам. Мәселен, мексикалықтардың қақпасына енген алғашқы голды төрешілер алдымен есепке алса, бейнебақылауды қарап шыққан соң шешімдерін өзгертті. Өйткені португалдық футболшы ойыннан тыс қалған болатын. Мұндай жағдай Чили-Камерун кездесуінде де орын алды. Өз кезектерінде Чили құрамасы Камерун футболшыларын 2:0 есебімен жеңе білді.
Жалпы, осы доданың басты фавориттері саналған Германия құрамасы Австралияны 3:2 есебімен әрең жеңді. Немістер додаға негізінен жас футболшыларды қосып отыр екен. Дуы басым жарыста кім жеңіске жетеді? Букмекерлік кеңселер әзірге Германия, Португалия, Чили құрамаларын фаворит санап отыр. Өзгелердің де бір ойлағаны бар екені анық.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support