- Advertisement -

«Болашақ» арқылы біліктілігін арт тырған

91

- Advertisement -

Елдің ықыласына бөленген білікті маманның бірі – Шу қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Бану Спанқұлова. Ол С.Асфендияров атындағы медицина университетін педиатрия мамандығы бойынша үздік тәмамдаған екен. Анестезиология-реаниматология бойынша біліктілігін жетілдіргеннен кейін осында жұмысқа орналасыпты. Тоғыз жылдан бері осы ауруханада қызмет атқарып келе жатқан дәрігер өз мамандығына адал, қашанда қарапайымдылығынан танған емес.
Бану Бақтыбекқызы ауруханада жұмыс істеп жүріп-ақ, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендианты атаныпты. «Қалалық ауруханада жұмыс істеп жүргенімде аурухана жанынан екінші деңгейлі перинаталдық орталық ашылады деп жоспарланған болатын. Себебі, аяғы ауыр әйелдердің денсаулығында сәл ғана ауытқу байқалса, оны аудандық аурухана емдей алмайтын болғандықтан, бірден облыстық перинаталдық орталыққа жіберілетін. Ауданда сол орталық ашылса, жаңа туған нәрестені күтіп, оның ем-домына жауапты білікті мамандарға сұраныс туындайтынын түсіндім. Біліктілігімді арттыруды ойлап, ғаламтор беттерін ақтарып отырып, «Болашақ» бағдарламасы туралы ақпаратқа көзім түсе кеткені. Содан, бірден құжаттарымды әзірлеуге кірістім. Бағыма орай Астана қаласында емтихан тапсырып, сүрінбей өтіп, бағдарламаның стипендианты атандым», – дейді ол.
Осылайша, Гиппократ антына берік Бану Бақтыбекқызы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Корей Республикасына аттанып, жаңа туған нәрестелерді күту, емдеу бағыттары бойынша үш айлық ғылыми-тағылымдамадан өткен. Ол Корей елінде медицина өте жоғары деңгейде дамығанын айтады. Біздің елде қолға алынып отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін олар өткен ғасырдың ортасында енгізіп қойған екен.
«Ауданымызда ашылады деп жоспарланған перинаталдық орталық сол бойы ашылмады. Ал жансақтау бөлімінде жұмыс істеу психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Ол үшін асқан шыдамдылық пен ыждаһаттылық керек. Десе де, шетелден алған білімімді жансақтау бөлімінде жүріп-ақ кәдеге жаратуға болады екен», – дейді Бану дәрігер.
Иә, ауру жасқа да, кәріге де қарамайды. Осындайда, адам өміріне араша түсіп, ақ халатты абзал жандар көмекке келеді. Содан да болар, осынау абзал мамандық иесі алтын қолды дәрігерлерге көпшіліктің айтар алғысы шексіз.

Ерғали Қартайған,
«Ақ жол».

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support