- Advertisement -

Тату елдің тасы өрге домалайды

129

- Advertisement -

Қазақстан көп ұлтты мемлекет екені баршамызға мәлім. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, осында қоныс аударған сан ұлт өкілдерін туысындай қабылдап, жылы шыраймен қарсы алды.
Елімізде өзге ұлт өкілдерінің төл мәдениетін, өнерін бір сөзбен айтқанда шығармашылығын дамытуға қолдау көрсетіліп келеді. Тәуелсіз Қазақстанды мекен еткен барлық ұлттардың өмір сүруінің басты кепілі бірлікте, ынтымақта екендігін ұғындыру, олардың өнерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау мақсатында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының жоспарына сәйкес этномәдени бірлестіктермен бірлесіп түрлі фестивальдер, байқаулар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып келеді.
Атап айтсақ, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өзге ұлт өкілдерінің өнерін, шығармашылығын дамыту үшін «Достық» фестивалі, «Жерұйығым – Жамбылым!» атты фольклорлық ансамбльдердің байқауы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Достықта жоқ шекара» фестивалі өтті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Аудандар мен Тараз қаласының мәдениет күндері» сынды мәдени іс-шараларда ұсынылатын театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламалардың репертуарларында да өзге ұлт өкілдерінің шығармалары кеңінен қамтылады.
Бүгінде облыс аумағындағы 199 клуб мекемесі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге, шығармашылық әлеуетін ынталандыруға өзіндік үлес қосып келеді. Тәуелсіздік алған уақыттан бері облыс елді мекендеріндегі өзге ұлттардың өнерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттайтын Қордай ауданында «Соседушки» орыс ансамблі, фольклорлық «Чун тян» дүнген ансамблі, Талас аудандық мәдениет үйінің «Поколение», Меркі ауданында «Память» орыс хор ұжымдары, Т. Рысқұлов аудандық Мәдениет үйінің «Сударушка» фольклорлық ансамблі, сондай-ақ, этномәдени орталықтар жанынан «Ахыска», «Тэпин», «Ариран», «Маричка» сияқты украин, түрік, кәріс, дүнген этнофольклорлық топтары құрылып, нәтижелі жұмыстар атқаруда.
Жергілікті бюджет пен демеушілер тарапынан аталған ұжымдарға музыкалық аспаптар алуға, сахна киімдерін тіктіруге қаржы бөлінуде.

Ғани САДЫРБАЕВ,
облыстық халық шығармашылығы
орталығының директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support