Экономика

қаржы бұзушылық анықталды

қаржы бұзушылық анықталды

Үстіміздегі жылдың 10 ақпанындағы Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мамандарының тарапынан облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы «ТаразТрансЭнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүргізілген сәйкестік аудит қорытындысымен 31531,5 мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Кодексінің № 414-V ҚРЗ жұмысқа қабылдауды рәсімдеу 34-бабына қайшы, кәсіпорынның 31 жұмыскеріне жұмысқа қабылдауда жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделмей, 2016 жылға кәсіпорында жұмыс атқармайтын азаматтар мен азаматшаларға жалпы сомасы 3524,8 мың теңге еңбекақы нақты қаржымен кәсіпорынның бұрынғы басшысы Нұржан Тәнекенің бекітуімен кассадан негізсіз төленгені анықталған. Есепке алуға қойылатын талаптарына аудит жүргізу барысында есеп беруге жауапты тұлғалардан жалпы сомасы 5080,8 мың теңге көлеміндегі аванстық есепті растайтын құжаттар өткізілмеуі бұзушылығы анықталған. 2017 жылғы 1 ақпандағы № 102 кәсіпорынның орталық қоймасындағы қалдық құбырларға түгендеу жүргізу туралы бұйрығы бойынша түгендеу жүргізіліп, нәтижесінде кәсіпорынның орталық қоймасында қалуға тиіс жалпы 1 165,8 тонна құбырдың 15,0 мың теңгеден санағанда, жалпы сомасы 17487,0 мың теңгенің құбыры жоқ болып шыққаны мәлім болды. Аудиттік іс-шара жүргізу барысында анықталған жұмыс атқармаған уақытқа негізсіз төленген жалақы, есеп беруге жауапты тұлғалардан негізсіз есептен шығарылған сомалар кінәлі тұлғалармен қалпына келтіріліп және анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарап, лауазымды тұлғалардың анықталған бұзушылықтарға жол бермеуі бойынша түбегейлі шаралар қабылдау туралы нұсқама берілді.

Айжан АРҒЫМБАЕВА, Ерболат ЖЕТПІСБАЕВ, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті №1 мемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторлары.