- Advertisement -

Мектеп бітіру кешіне дайынсыз ба, бойжеткен?

133

- Advertisement -

Мектеп бітірушілер мемлекеттік емтихан тапсырып бітті. Енді, ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, бақтарын сынайды. Содан кейін алда түлектерді салтанат кеші күтіп тұр. Қолға аттестат алып, үлкен өмірге қадам жасайтын күнді кім-кімнің де ерекше өткізгісі келетіні түсінікті. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, дайындалудың өзі үлкен шаруа. Әсіресе, қыздар үшін. Бойжеткендердің түрлі әшекейлер алып, боянып, ең әдемі көйлекті киіп шыққысы келетіні тағы бар.
Сәнді киінуді қалайтындар әлі таңдау жасай алмай жүрген болса, көйлек таңдауда мына кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз. Ұзын көйлектер – осы жылдың басты трендтерінің бірі. Мысалы, грек стиліндегі көйлек дене бітіміңізді сымбатты етіп көрсетіп, талғамыңыздың жоғары екенін де байқатады. Бұл көйлектің сәннен шықпауының бір себебі – олар расында өте ыңғайлы. Жеңіл, жұмсақ пішілген көйлек сіздің нәзіктігіңізді көрсетіп, сымбаттылығыңызды айқындай түседі. Ұзын көйлектердің қатарында тағы бір көңіл аударуға тұрарлығы – «годе» көйлегі. Олар грек сәніндегі көйлектерден әлдеқайда салтанатты көрінеді.
Белдемшелі көйлекте сән әлеміндегі өз «орнын» бермей тұр. Сондықтан бітіру кешінде осындай көйлек кисеңіз ерекше көзге түсесіз. Дизайнерлер бұл көйлекті жылдан-жылға өзгертіп шығаруда. Егер бойыңыз аласа болса, көйлектің ұзын болуы шарт емес. Дене бітіміңізге қысқа көйлектер ерекше жарасатын болса, сондай-ақ өзіңізді келте көйлекте жақсы сезінсеңіз ерік өзіңізде. Қысқа көйлектер де сәннен қалған емес.
Үшбұрышты кеуде мен етегі кең тұратын ұзын көйлек – нағыз ханшайымдардың келбетіне сай. Белі жоғары орналасқандықтан, аруды бойшаң, сымбатты етіп көрсетеді. Әрі қарапайым, әрі бай көрінетін бұл көйлек көптеген арудың арманы екеніне күмән жоқ.
Биылғы сәнді көйлектердің қатарында – миди көйлек пен белдемшелер де бар. Кештің сәнін кіргізетін бұл көйлек әдетте бойы ұзын қыздарға жараса кетеді. Сондай-ақ, артық салмақтан арылып үлгермегендерге де қолайлы. Себебі ол бостау болып тігілген. Биыл ашық түстер сәнде екенін ұмытпаңыз. Әдемі көйлек таңдарда сары, ақ, қызыл, қызғылт, көк түстерге мән беріңіз. Таңдаған көйлегіңізге қарай аяқ киіміңіз бен әшекейлеріңізді де үйлестіруді естен шығармағаныңыз абзал.

P.S: Сәнді киініп, жарқырап жүргенге не жетсін?! Дегенмен, ата-анаңыздың қаржылық жағдайына қарауды да ұмытпаған жөн. Өйткені, алда мамандық таңдау секілді маңызды іс бар.

Әзиза Әзімбекқызы,
ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support