- Advertisement -

Техникалық реттеу жайы талқыланды

91

- Advertisement -

Техникалық реттеу мәселелерін қарастыру жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысына оның мүшелерімен бірге, облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері, облыстық кәсіпкерлер палатасының, мекеме, ұйым, кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Жиынды өңірлік штаб төрағасының орынбасары, техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің басшысы Мейірхан Сатыбалдин ашып, жүргізді. Ол күн тәртібінде қарастырылатын, ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына ұсынылған өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесінің кәсіпкерлік пен мемлекеттік метрологиялық бақылау аясын оңтайландыруға, калибрлеу жүйесінің ауқымы кеңейтілуіне бағытталып отырғандығын, мұндағы басты мақсат техникалық реттеуді кедендік одақ мемлекеттері заңнамаларымен үйлестіру және метрологиялық ұйымдарға қатысты халықаралық талаптар мен өлшем бірлігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша өзгертулер енгізу, өлшеу құралдарының қолдану тәртібі мен рәсімдерін, терминологиялық ұғымдарды айқындау болып табылатынын атап өтті.
Бұдан кейін «Эксперт оқу орталығы» ЖШС-ның бас маманы Валентина Юрикова ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде тарата айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауаптар қайтарды.
Ал мұнай өнімдерін есептейтін құралдарды құқықтық-нормативтік және метрологиялық тұрғыда қамтамасыз ету жөнінде техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің бас маманы Марат Сармолдаев егжей-тегжейлі баяндап берді.
Бір айта кетерлік жай, жергілікті жерде өндірілген тауарларды экспортқа шығаратын кәсіпорындар үшін техникалық реттеу, стандарттар (міндетті ережелер), өнімнің халықаралық талапқа сәйкестігін бағалайтын рәсімдер, ДСҰ-ға мүше мемлекеттер жүзеге асыратын санитарлық және фитосанитарлық шаралар, сондай-ақ, сауда талаптарына техникалық кедергілер мен кемсітушілікті болдырмау үшін әріптес елдердің жоғарыда аталған регламенттер жобасына ұсыныстар мен ескертулер ұсыну мүмкіндігі бары жөнінде тегін ақпараттар алуға да болады. Бұл жөнінде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау» институтының бас маманы Ғалия Исмаилова кеңінен түсіндіріп өтті.
Бизнес қауымдастықтарының «Стандарттау туралы» Заң жобасында қамтылған мәселелер бойынша сұрақтарына облыстық кәсіпкерлер палатасының I санатты маманы Ирина Иванова толымды жауап берді.
Штаб отырысы кәсіпкерлердің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қызу пікір алмасуы түрінде өтті. Олардың түрлі сауалдарына техникалық реттеу және метрология департаменті мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау» институтының мамандары тарапынан толымды жауаптар қайтарылды.

Баймаханбет ахмет,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support