- Advertisement -

Экономикалық өркендеуге септігін тигізеді

85

- Advertisement -

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Қытай Халық Республикасының көрме павильонын аралап көру барысында «Қазақстан мен Қытай – Еуразияның транзиттік көпірі» атты телекөпірге қатысты.
Қазақстан Президенті іс-шараға қатысушыларға арналған сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді.
– Қытайдың «Болашақтың энергиясы, Жасыл Жібек жолы» атты экспозициясы – ЭКСПО көрмесіндегі ең үлкен экспозицияның бірі. Қытай Халық Республикасы қалпына келтірілетін энергия көздері саласында әлемдік көшбасшы болып отыр. Сіздің еліңіздің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы технологияларды және мәдени байланыстарды дамытуға зор үлес қосатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев «Қорғас – Ляньюньган» жаңа көлік жолының іске қосылуының маңыздылығын атап өтіп, бұл жобаны «Жібек жолының экономикалық белдеуі» мен «Нұрлы жол» бағдарламаларын ұштастырудағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын мысалы деп атады.
– Бүгін маңызды екі жобаны іске асыру басталды. Ляньюньган портынан Орталық Азия мен Түркияға теңіз контейнерлерін тиеген алғашқы пойыздар жолға шықты. «Қорғас Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрғақ портынан Қытайдың Чэнду қаласына жеткізетін контейнер жолы іске қосылды. 2020 жылға қарай 2 миллион контейнер көрсеткішіне қол жеткізу жоспарланып отыр. Бұл елдеріміздің экономикалық өсіп-өркендеуіне септігін тигізеді, – деді Қазақстан Президенті.
Іс-шара соңында мемлекеттер басшылары Еуразия кеңістігіндегі жаңа контейнерлік қызмет – Ляньюньган Қазақстан-Қытай терминалы мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құрғақ порты жұмысының басталуына жол ашып берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support