- Advertisement -

«Хизб-ут-Тахрир» ұйымы «Хизб-ут-Тахрир» ұйымы жастарды адастырадыжастарды адастырады

104

- Advertisement -

Елімізде «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік ұйымы экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған (2005 жылдың 28 наурызындағы Астана қалалық сотының шешімі). «Хизб-ут-Тахрир» («Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами», «Исламның азаттық партиясы») – халықаралық сунниттік діни-саяси экстремистік ұйым. Исламның азаттық партиясы (мұсылман бауырлар) ағымынан бөлініп шығып, палестиналық жергілікті апелляциялық соттың судьясы Тақиюддин Набхани деген адамның басшылығымен 1953 жылы пайда болды. Бірінші кезекте партия Палестинаны азат ету және сионизммен күресуді өз алдына мақсат етіп қояды. «Хизб-ут-Тахрир» мүшелері санының өсуіне байланысты партияның көсемі халықты жаппай исламдандыру жолымен халықаралық масштабта мұсылман мемлекеттері халифатын құру идеясына келді. «Хизб-ут-Тахрир» этникалық және конфессиялық төзімсіздікті таныта отырып, дiни араздықты тұтатады.
«Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами» партиясы біздің мемлекетіміз мұсылмандары арасына да жік салуда. Өкінішке орай кейбір жастарымыз мәселенің мән-жайына бармай теріс уағызға ілесіп, олардың қатарына қосылып қалғанын аңғармай жүр. Қазақстан халқының көпшілігі мұсылмандар (70 пайыз) екеніне қарамастан олар жұртымызды «кәпірлер елі» деп атайды.
«Хизб-ут-Тахрир» ұйымының рұқсат етілмеген акциялары, насихат қызметін ұйымдастыру және экстремистік мазмұндағы үнпарақ пен әдебиеттер дайындап, таратып, сақтау фактілері белгілі болды. Қазіргі таңда олар өздерін адамзат баласын шайтанның арбауынан азат етуші, ислам идеологиясын насихаттаушы саяси партия деп атайды. Себебі, «Бүгінде мұсылман елдері ислам шариғатымен өмір сүрмей келеді, ал біз сол шариғат үкімін қайта орнатып Ислам мемлекетін құрамыз» дейді. Халифалық құру мақсатында олар 187 баптан құралатын конституциясын жазып шыққан.
Дін мәселесі – қашанда өзекті. Еліміздің сыртқы және ішкі қауіпсіздігін нығайту, ұлттық қауіпсіздік Стратегиясын жүзеге асыру мәселесін Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрқашан басты назарда ұстап келеді. Қазіргі таңда Қазақстан тұрақтылық пен келісімді, төзімділікті сақтау мен насихаттау жұмыстары бойынша көптеген мемлекетке үлгі.
Қазақстанға сырттан этно-діни экстремизм мен радикализмнің әртүрлі нысандарының кіруі әлеуетті қауіп туғызады. Қоғамда орын алып отырған әлеуметтік және тұрмыстық жергілікті проблемалар да этностық рең алып кетуі мүмкін. Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында жіберілген қателіктер көпэтностық Қазақстан халқының этносаралық және мәдениетаралық төзімділік дәстүріндегі сабақтастықтың бұзылуына қауіп туғызатыны бекер емес. Біз сол үшін күресуіміз керек.

Самғат Мутанов,
облыс әкімдігі дін істері басқармасының бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support