Үндістанда адам басты бұзау туылды
Үндістанда адам басты бұзау туылды
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында адам басты бұзау туылды. Жануардың басы - көздері, мұрны және құлағы - адамдыкіне ұқсайды, - деп жазады Metro. Бұзау бір сағаттан кейін өліп қалған. Алайда жергілікті тұрғындар оны үндінің Вишну құдайының бір келбеті деп бағалап отыр. Діни сенімі бар адамдар бұзаудың денесін арнайы саркофагқа салып, мінәжат ету орнына айналдырып алған. Жануардың денесін көру үшін Үндістанның барлық жерінен адамдар ағылып келіп жатқан көрінеді. Олар жануарға гүл мен сыйлықтар әкеледі екен.
ақпарат көзі tengrinews.kz